CES – бұл 1967 жылдан бері өткізіліп келе жатқан тұтынушылар электроникасының халықаралық көрмесі.
Жыл сайын көрме әлемге жақын уақытта күнделікті тұрмыста жиі қолданылуы мүмкін жоғары технологиялық өнертабыстар мен әзірлемелерді таныстырады.
Көрме аясында болашақ құрылғылардың стартаптары мен инновациялары, трендтері мен тұжырымдамалары таныстырылады.
Көрмеге қатысушылардың толық тізімін CES 2022 ресми сайтынан көруге болады. Олардың арасында Intel, Google, Amazon, Meta, Twitter, Pinterest сынды ІТ-индустрияның алыптары бар. Сонымен қатар Sony, Nvidia, Bosch, Lenovo, WarnerMedia және басқалар да өз жаңалықтарымен таныстырды.
Көрме аясында робот техникасына ерекше мән берілді.
Олардың ішінде түсін өзгертетін автокөлік, үй жануарларының денсаулығын бақылауға арналған датчиктер, жасанды интеллектпен жабдықталған кір жуу машиналары мен тоңазытқыштар, күннен қорғайтын "ақылды" көзілдірік пен тіс щеткасы бар.
Болашақ гаджеттері деп атауға әбден болатын бұл экспонаттардың кейбірі біздің топтамада ұсынылып отыр.