Болашақ гаджеттері: CES 2022 халықаралық көрмесі өтті - фото
Болашақ гаджеттері: CES 2022 халықаралық көрмесі өтті - фото
Sputnik Қазақстан
Бұл суреттер кез келген адамды таңғалдыратыны анық. Лас-Вегаста CES 2022 жоғары технологиялық жаңашылдықтар көрмесі аяқталды. Жақын болашақта адамның айнымас... 16.01.2022, Sputnik Қазақстан
CES – бұл 1967 жылдан бері өткізіліп келе жатқан тұтынушылар электроникасының халықаралық көрмесі.Жыл сайын көрме әлемге жақын уақытта күнделікті тұрмыста жиі қолданылуы мүмкін жоғары технологиялық өнертабыстар мен әзірлемелерді таныстырады.Көрме аясында болашақ құрылғылардың стартаптары мен инновациялары, трендтері мен тұжырымдамалары таныстырылады.Көрмеге қатысушылардың толық тізімін CES 2022 ресми сайтынан көруге болады. Олардың арасында Intel, Google, Amazon, Meta, Twitter, Pinterest сынды ІТ-индустрияның алыптары бар. Сонымен қатар Sony, Nvidia, Bosch, Lenovo, WarnerMedia және басқалар да өз жаңалықтарымен таныстырды.Көрме аясында робот техникасына ерекше мән берілді.Олардың ішінде түсін өзгертетін автокөлік, үй жануарларының денсаулығын бақылауға арналған датчиктер, жасанды интеллектпен жабдықталған кір жуу машиналары мен тоңазытқыштар, күннен қорғайтын "ақылды" көзілдірік пен тіс щеткасы бар.Болашақ гаджеттері деп атауға әбден болатын бұл экспонаттардың кейбірі біздің топтамада ұсынылып отыр.
Бұл суреттер кез келген адамды таңғалдыратыны анық. Лас-Вегаста CES 2022 жоғары технологиялық жаңашылдықтар көрмесі аяқталды. Жақын болашақта адамның айнымас көмекшісіне айналуы әбден мүмкін фантастикалық девайстар туралы Sputnik суреттер топтамасынан көре аласыз
CES – бұл 1967 жылдан бері өткізіліп келе жатқан тұтынушылар электроникасының халықаралық көрмесі.
Жыл сайын көрме әлемге жақын уақытта күнделікті тұрмыста жиі қолданылуы мүмкін жоғары технологиялық өнертабыстар мен әзірлемелерді таныстырады.
Көрме аясында болашақ құрылғылардың стартаптары мен инновациялары, трендтері мен тұжырымдамалары таныстырылады.
Көрмеге қатысушылардың толық тізімін CES 2022 ресми сайтынан көруге болады. Олардың арасында Intel, Google, Amazon, Meta, Twitter, Pinterest сынды ІТ-индустрияның алыптары бар. Сонымен қатар Sony, Nvidia, Bosch, Lenovo, WarnerMedia және басқалар да өз жаңалықтарымен таныстырды.
Көрме аясында робот техникасына ерекше мән берілді.
Олардың ішінде түсін өзгертетін автокөлік, үй жануарларының денсаулығын бақылауға арналған датчиктер, жасанды интеллектпен жабдықталған кір жуу машиналары мен тоңазытқыштар, күннен қорғайтын "ақылды" көзілдірік пен тіс щеткасы бар.
Болашақ гаджеттері деп атауға әбден болатын бұл экспонаттардың кейбірі біздің топтамада ұсынылып отыр.
BMW түсін өзгерте алатын электрлі автоның прототипін таныстырды. Бұл машина түсі мен дизайнын өзгертуге мүмкіндік беретін электронды бояулар технологиясын қолдануды қарастыратын iX Flow жүйесінің арқасында мүмкін болды. Суретте: Адамдар Лас-Вегастағы CES 2022 көрмесі кезінде BMW iX Flow прототипін тамашалап тұр.
Доктор Дэйв Ким Лас-Вегастағы CES 2022 көрмесінде бас миының жұмысына цифрлық мониторинг жүргізуге арналған iSyncWave және жарықдиодты терапевтік бас киім туралы айтып жатыр.
Желіге қосылған Hum ақылды тіс щеткасы. Мұндай тіс щетасы тісті қалай дұрыс жуу керек екені туралы адамға бағдар беріп отырады. Гаджет Лас-Вегастағы CES 2022 көрмесінде Colgate-Palmolive стендінде таныстырылды.
Луи Тоннер білім беру, кәсіби оқу және зерттеулерге арналған коллаборативті Ned2 роботын ұстап тұр. Лас-Вегастағы CES 2022 көрмесінде CES Unveiled БАҚ-қа арналған презентация кезіндегі Niryo стенді.
Әлемдегі алғашқы қарда жүретін көлік ретінде танылған MoonBikes Лас-Вегастағы CES 2022 көрмесінде CES Unveiled БАҚ-қа арналған презентация кезінде таныстырылып жатыр.