НҰР-СҰЛТАН, 14 қаңтар – Sputnik. Заңгер Евгений Яворский Қазақстандағы жаппай тәртіпіздіктер кезінде қарақшылармен дүкен тонаған адамдарға қатыста қандай жаза қолданылатынын айтты.
Заңгердің айтуынша, олар Қылмыстық кодекстің 191 бабы - "Тонау" бойынша жазаға тартылады. Бұдан бөлек, 192-бап - "Қарақшылық" пен 196-бап - "Көрінеу қылмыстық жолмен табылған мүлікті иемдену немесе өткізу" бойынша жазаға тартылуы мүмкін.
"Жаза қылмыстың ауырлығына қарай тағайындалады. Ол айыппұл болуы да мүмкін", – деді Яворский "31 канала" арнасына берген сұхбатында.
Айта кетері, Қазақстанда ұрлаған мүлікті сатып алғандар да жазаға тартылады. Ондай әрекет үшін 160 - 4 000 айлық есептік көрсеткіш (490 080 - 12,2 миллион теңге) көлемінде айыппұл қарастырылған. Тонау фактісі - 2 000 АЕК (6,1 миллион теңге), ал қарақшылық шабуыл үшін үш жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қолданылады.
Әлеуметтік желіде тараған видеолардан тоналған дүкендерге қарапайым халықтың да кіргенін анық көруге болады. Кейбіреулер алған затты "жерден тауып алдық" деп ақталды. Заңгердің сөзінше, ондай әрекет те ұрлық болып саналады.
"Атамекен" ҰКП-ның соңғы ақпаратына сәйкес, республика бойынша бизнес 94,4 млрд теңге шығынға батты. Алматының өзінде 92,4 млрд тенгенің тауары ұрланып, мүлкі қираған.