https://sputnik.kz/20220114/Bulkshiler-tonau-zanger-19144550.html
Бүлікшілермен бірге дүкен тонағандар қалай жазаланады – заңгер жауап берді
Бүлікшілермен бірге дүкен тонағандар қалай жазаланады – заңгер жауап берді
Sputnik Қазақстан
Жаппай тәртіпсіздіктер кезінде сауда үйлері мен дүкендерді бүлікшілер ғана емес, қарапайым тұрғындар да тонаған 14.01.2022, Sputnik Қазақстан
2022-01-14T13:59+0500
2022-01-14T13:59+0500
2022-05-23T15:42+0500
тәртіпсіздік
тонаушылар
қаңтар оқиғасы
https://sputnik.kz/img/07e6/01/09/19099847_0:135:1197:808_1920x0_80_0_0_8671b217c571f0b8056a65100b761429.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 14 қаңтар – Sputnik. Заңгер Евгений Яворский Қазақстандағы жаппай тәртіпіздіктер кезінде қарақшылармен дүкен тонаған адамдарға қатыста қандай жаза қолданылатынын айтты.Заңгердің айтуынша, олар Қылмыстық кодекстің 191 бабы - "Тонау" бойынша жазаға тартылады. Бұдан бөлек, 192-бап - "Қарақшылық" пен 196-бап - "Көрінеу қылмыстық жолмен табылған мүлікті иемдену немесе өткізу" бойынша жазаға тартылуы мүмкін. "Жаза қылмыстың ауырлығына қарай тағайындалады. Ол айыппұл болуы да мүмкін", – деді Яворский "31 канала" арнасына берген сұхбатында. Айта кетері, Қазақстанда ұрлаған мүлікті сатып алғандар да жазаға тартылады. Ондай әрекет үшін 160 - 4 000 айлық есептік көрсеткіш (490 080 - 12,2 миллион теңге) көлемінде айыппұл қарастырылған. Тонау фактісі - 2 000 АЕК (6,1 миллион теңге), ал қарақшылық шабуыл үшін үш жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қолданылады. Әлеуметтік желіде тараған видеолардан тоналған дүкендерге қарапайым халықтың да кіргенін анық көруге болады. Кейбіреулер алған затты "жерден тауып алдық" деп ақталды. Заңгердің сөзінше, ондай әрекет те ұрлық болып саналады. "Атамекен" ҰКП-ның соңғы ақпаратына сәйкес, республика бойынша бизнес 94,4 млрд теңге шығынға батты. Алматының өзінде 92,4 млрд тенгенің тауары ұрланып, мүлкі қираған.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/01/09/19099847_0:0:1077:808_1920x0_80_0_0_7fcb9cac3077d8df911689379123eccf.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
тәртіпсіздік, тонаушылар
Бүлікшілермен бірге дүкен тонағандар қалай жазаланады – заңгер жауап берді
13:59 14.01.2022 (жаңартылды: 15:42 23.05.2022) Жаппай тәртіпсіздіктер кезінде сауда үйлері мен дүкендерді бүлікшілер ғана емес, қарапайым тұрғындар да тонаған
НҰР-СҰЛТАН, 14 қаңтар – Sputnik. Заңгер Евгений Яворский Қазақстандағы жаппай тәртіпіздіктер кезінде қарақшылармен дүкен тонаған адамдарға қатыста қандай жаза қолданылатынын айтты.
Заңгердің айтуынша, олар Қылмыстық кодекстің 191 бабы - "Тонау" бойынша жазаға тартылады. Бұдан бөлек, 192-бап - "Қарақшылық" пен 196-бап - "Көрінеу қылмыстық жолмен табылған мүлікті иемдену немесе өткізу" бойынша жазаға тартылуы мүмкін.
"Жаза қылмыстың ауырлығына қарай тағайындалады. Ол айыппұл болуы да мүмкін", – деді Яворский
"31 канала" арнасына берген сұхбатында.
Айта кетері, Қазақстанда ұрлаған мүлікті сатып алғандар да жазаға тартылады. Ондай әрекет үшін 160 - 4 000 айлық есептік көрсеткіш (490 080 - 12,2 миллион теңге) көлемінде айыппұл қарастырылған. Тонау фактісі - 2 000 АЕК (6,1 миллион теңге), ал қарақшылық шабуыл үшін үш жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қолданылады.
Әлеуметтік желіде тараған видеолардан тоналған дүкендерге қарапайым халықтың да кіргенін анық көруге болады. Кейбіреулер алған затты "жерден тауып алдық" деп ақталды. Заңгердің сөзінше, ондай әрекет те ұрлық болып саналады.
"Атамекен" ҰКП-ның соңғы ақпаратына сәйкес, республика бойынша бизнес 94,4 млрд теңге шығынға батты. Алматының өзінде 92,4 млрд тенгенің тауары ұрланып, мүлкі қираған.