Қаңтар оқиғасы

Миссия сәтті аяқталды: Қазақстанға келген ҰҚШҰ бітімгерлері – фото

Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының (ҰҚШҰ) бітімгерлік күштері Қазақстандағы нысандарды қорғау бойынша қызмет етті. Алайда бүгін контингентті ел аумағынан шығару басталады
Sputnik
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға жеткізілген ҰҚШҰ бітімгерлерінің миссиясы аяқталғаны туралы мәлімдеді. Контингентті ел аумағынан шығару бүгін – 13 қаңтарда басталады және көп дегенде он күнге созылуы мүмкін.
Мемлекет басшысы "ҰҚШҰ өз тиімділігін көрсетті" және "бітімгерлер миссиясы сәтті аяқталғаны" туралы айтты.
Сонымен қатар Қазақстанның көшбасшысы республикада Ұлттық ұлан мен арнайы жасақтың жаңа бөлімшелері құрылатынын, шекара қызметінің жұмыс қағидаттары қайта қаралатынын мәлімдеді.
Бітімгерлік күштерінің әскери қызметкерлері тәулік бойы бекеттер мен бақылау мұнараларында күзетте тұрып, топ құрамында броньді техниканың көмегімен әуежай аумағында патрульдеу ұйымдастырып, сондай-ақ пилотсыз ұшатын аппараттар арқылы халықаралық әуежай ауданына бақылау жүргізді.
Сонымен қатар ресейлік әскерилер Армения, Белоруссия, Қырғызстан, Тәжікстаннан келген әріптестерімен бірлесіп жылу электр станциялары, нан комбинаттары, телеорталықтар, елді сумен қамту кәсіпорындары сынды маңызды нысандарды күзетуді жүзеге асырды.
Еске салсақ, 2 қаңтарда Маңғыстау облысының тұрғындары сұйылтылған мұнай газының бағасы қымбаттауына байланысты митингке шықты. 3 қаңтарда митинг тағы бірнеше өңірде жалғасты. Наразылық акцияларына мұнай өндіруші кәсіпорындардың вахталық жұмысшылары да қосылды.
4 қаңтарда бірнеше қалада жаппай тәртіпсіздіктер болып, қирату мен бүлдіру басталды.
5 қаңтарда Қасым-Жомарт Тоқаев Ұжымдық Қауіпсіздік туралы шарт ұйымына (ҰҚШҰ) мүше мемлекеттерден көмек сұрады.
Дәл сол күні үкімет отставкаға кетіп, ел аумағында төтенше жағдай режимі енгізілді.
Оқи отырыңыз: Үш өңірде терроризмге қарсы операция жалғасып жатыр
1 / 15
ҰҚШҰ бітімгерлік күштерінің әскери техникасы Алматы әуежайында тұр.
2 / 15
ҰҚШҰ Ұжымдық бітімгерлік күштерінің құрамына Ресейдің әуе-десант күштерінің бөлімдері мен әскери бөлімдері кірді. Суретте: Алматы әуежайындағы ҰҚШҰ бітімгерлік күштерінің ресейлік контингентінің жеке құрамы.
3 / 15
ҰҚШҰ ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың өтініші бойынша Қазақстанға бітімгерлік күштерін орналастырды. Олардың құрамына Ресей Федерациясы, Белоруссия, Армения, Тәжікстан және Қырғызстан Қарулы Күштерінің бөлімшелері кірді. Суретте: ҰҚШҰ бітімгерлік күштеріне кіретін ресейлік контингент бөлімшелерінің Алматы әуежайындағы оқу-жаттығуы.
4 / 15
ҰҚШҰ бітімгерлік күштерінің ресейлік контингентінің сарбазы Алматы әуежайында рация арқылы сөйлеп тұр. Ресей Қорғаныс министрлігі құрған 70-тен астам Ил-76 және 5 дана Ан-124 ұшағынан құралған әуе тобы ҰҚШҰ бітімгерлік күштерінің ресейлік контингенті бөлімдерін Қазақстанға тәулік бойы жеткізумен айналысты.
5 / 15
Бітімгерлер мемлекеттік және әскери нысандарды қорғауға және қазақстандық құқық қорғау күштеріне көмек көрсетуге жіберілді. Суретте: Алматы әуежайындағы ҰҚШҰ бітімгерлік күштерінің әскери қызметшілері.
6 / 15
Бітімгерлік күштерінің әскери қызметшілері бекеттер мен бақылау мұнараларында тәулік бойы күзетте тұрды. Суретте: Алматы әуежайындағы ҰҚШҰ бітімгерлік күштерінің әскери қызметкері.
7 / 15
Суретте: ҰҚШҰ бітімгерлік күштерінің әскери қызметшілері Алматы әуежайының терминалында жолаушыларды қарсы алып тұр.
8 / 15
Бітімгерлік күштерінің әскери қызметкерлері тәулік бойы бекеттер мен бақылау мұнараларында күзетте тұрып, топ құрамында броньді техниканың көмегімен әуежай аумағында патрульдеу ұйымдастырып, сондай-ақ пилотсыз ұшатын аппараттар арқылы халықаралық әуежай ауданына бақылау жүргізді. Суретте: Алматы әуежайындағы ҰҚШҰ бітімгерлік күштерінің ресейлік контингентінің әскери техникасы.
9 / 15
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға жеткізілген ҰҚШҰ бітімгерлерінің миссиясы аяқталғаны туралы мәлімдеді. Суретте: Алматы әуежайындағы ҰҚШҰ бітімгерлік күштерінің ресейлік контингентінің әскери қызметкерлері.
10 / 15
Контингентті ел аумағынан шығару 13 қаңтарда басталады.
11 / 15
Суретте: ҰҚШҰ бітімгерлік күштерінің ресейлік контингентінің құрамындағы әскери қызметкер.
12 / 15
Әскери контингентті ел аумағынан шығару көп дегенде он күнге созылуы мүмкін.
13 / 15
ҰҚШҰ бітімгерлік күштері контингентінің броньді тасымалдаушы техникасы.
14 / 15
5 қаңтарда Қасым-Жомарт Тоқаев Ұжымдық Қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше мемлекеттерден көмек сұрады. Суретте: ҰҚШҰ бітімгерлік күштері Қазақстан көшелерінің бірінде бақылау жүргізіп тұр.
15 / 15
Мемлекет басшысы Ұлттық ұлан мен арнайы жасақтың жаңа бөлімшелері құрылатынын, шекара қызметінің жұмыс қағидаттары қайта қаралатынын мәлімдеді. Суретте: ҰҚШҰ бітімгерлік күштерінің әскери қызметкері.