АЛМАТЫ, 12 қаңтар – Sputnik. "Шымбұлақ" тау-шаңғы курорты 13 қаңтардан бастап жұмысқа кіріседі.
Курорт сайтындағы ақпаратқа сәйкес, Шымбұлақта түнгі сырғанау уақытша тоқтатылған. Курорттың барлық қызметі қалыпты режимде жұмыс істейді.
Қазіргі уақытта арқанжолдарының жұмыс режимі:
Қазіргі уақытта арқанжолдарының жұмыс режимі:
Алматыдағы тәртіпсіздіктер
5 қаңтарға қараған түні Алматыдағы митингілер тәртіпсіздіктерге ұласты. Артынша Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда билікті басып алуға дайындық жүргізіліп жатқанын, автогаз бағасының өсуіне байланысты халықтың наразылығы құрал ретінде пайдаланылғанын атап өтті.
Алматыда тонау және адамдарды аяусыз өлтіру оқиғалары тіркелді. Тәртіпсіздікке қатысқандар қала әкімдігі мен бірнеше телеарна редакциясы жұмыс істеген ғимаратты өртеді. Әкімшілік ғимараттарға зиян келтірді, қалалық аурухананы талқандады, дүкендер мен өзге де нысандарды қиратты.
12 қаңтардағы деректер бойынша, алдын ала есепке сәйкес, Қазақстандағы тәртіпсіздіктің шығын сомасы 103,7 миллиард теңгені құрады (102 миллиарды Алматы қаласында). Он бір өңірде зардап шеккен 1 615 бизнес субъектісі анықталды (Алматыда 1 506 нысан).