https://sputnik.kz/20220112/shymbulaq-qantar-jumys-19129682.html
"Шымбұлақтың" жұмысы 13 қаңтарда жанданады
"Шымбұлақтың" жұмысы 13 қаңтарда жанданады
Sputnik Қазақстан
Шымбұлақта түнде сырғанау уақытша тоқтатылды. Ал қалған қызметтің барлығы қалыпты режимде жұмыс істеп тұр 12.01.2022, Sputnik Қазақстан
2022-01-12T17:20+0500
2022-01-12T17:20+0500
2022-05-23T15:01+0500
шымбұлақ
қаңтар
жұмыс
қаңтар оқиғасы
https://sputnik.kz/img/1292/16/12921625_0:21:1201:696_1920x0_80_0_0_76ba7631229cdecee30e116ecd58d808.jpg
АЛМАТЫ, 12 қаңтар – Sputnik. "Шымбұлақ" тау-шаңғы курорты 13 қаңтардан бастап жұмысқа кіріседі.Курорт сайтындағы ақпаратқа сәйкес, Шымбұлақта түнгі сырғанау уақытша тоқтатылған. Курорттың барлық қызметі қалыпты режимде жұмыс істейді.Қазіргі уақытта арқанжолдарының жұмыс режимі:Алматыдағы тәртіпсіздіктер5 қаңтарға қараған түні Алматыдағы митингілер тәртіпсіздіктерге ұласты. Артынша Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда билікті басып алуға дайындық жүргізіліп жатқанын, автогаз бағасының өсуіне байланысты халықтың наразылығы құрал ретінде пайдаланылғанын атап өтті.Алматыда тонау және адамдарды аяусыз өлтіру оқиғалары тіркелді. Тәртіпсіздікке қатысқандар қала әкімдігі мен бірнеше телеарна редакциясы жұмыс істеген ғимаратты өртеді. Әкімшілік ғимараттарға зиян келтірді, қалалық аурухананы талқандады, дүкендер мен өзге де нысандарды қиратты.12 қаңтардағы деректер бойынша, алдын ала есепке сәйкес, Қазақстандағы тәртіпсіздіктің шығын сомасы 103,7 миллиард теңгені құрады (102 миллиарды Алматы қаласында). Он бір өңірде зардап шеккен 1 615 бизнес субъектісі анықталды (Алматыда 1 506 нысан).
шымбұлақ
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1292/16/12921625_57:0:1124:800_1920x0_80_0_0_35bb8d4519c5274cd48e644a57f4aacd.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
шымбұлақ, қаңтар, жұмыс
"Шымбұлақтың" жұмысы 13 қаңтарда жанданады
17:20 12.01.2022 (жаңартылды: 15:01 23.05.2022) Шымбұлақта түнде сырғанау уақытша тоқтатылды. Ал қалған қызметтің барлығы қалыпты режимде жұмыс істеп тұр
АЛМАТЫ, 12 қаңтар – Sputnik. "Шымбұлақ" тау-шаңғы курорты 13 қаңтардан бастап жұмысқа кіріседі.
Курорт сайтындағы ақпаратқа сәйкес, Шымбұлақта түнгі сырғанау уақытша тоқтатылған. Курорттың барлық қызметі қалыпты режимде жұмыс істейді.
Қазіргі уақытта арқанжолдарының жұмыс режимі:
- "Медеу - Шымбұлақ" - 08:30 - 18:00
- "Комби-1" жолы - 09:00 - 17:00
- "Комби-2" жолы - 09:00 - 16:30
Алматыдағы тәртіпсіздіктер
5 қаңтарға қараған түні Алматыдағы митингілер тәртіпсіздіктерге ұласты. Артынша Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда билікті басып алуға дайындық жүргізіліп жатқанын, автогаз бағасының өсуіне байланысты халықтың наразылығы құрал ретінде пайдаланылғанын атап өтті.
Алматыда тонау және адамдарды аяусыз өлтіру оқиғалары тіркелді. Тәртіпсіздікке қатысқандар қала әкімдігі мен бірнеше телеарна редакциясы жұмыс істеген ғимаратты өртеді. Әкімшілік ғимараттарға зиян келтірді, қалалық аурухананы талқандады, дүкендер мен өзге де нысандарды қиратты.
12 қаңтардағы деректер бойынша, алдын ала есепке сәйкес, Қазақстандағы тәртіпсіздіктің шығын сомасы 103,7 миллиард теңгені құрады (102 миллиарды Алматы қаласында). Он бір өңірде зардап шеккен 1 615 бизнес субъектісі анықталды (Алматыда 1 506 нысан).