Елорда тынысы

Елорда мектептерінде сабақ онлайн форматқа ауыстырылды – жаңа қаулы

Бас санитар дәрігер коронавирустың өршуіне байланысты елорданың оқушылары ақпан айына дейін қашықтықтан оқитынын хабарлады
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 12 қаңтар – Sputnik. Нұр-Сұлтанда коронавирус инфекциясын жұқтырғандар санының күрт көбеюіне байланысты мектеп оқушылары 31 қаңтарға дейін онлайн форматта оқиды. Бұл туралы қаланың бас санитар дәрігері Сархат Бейсенова мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Қалада "Омикрон" штамының циркуляциясы анықталған. Бұдан бөлек, адамдар бетперде тақпайды, әлеуметтік қашықтықты сақтамайды. Вакциналаудың маңыздылығына мән бермейді. Соның салдарынан "Омикрон" штамы тез таралып кетті. Енді шектеу және карантиндік шараларды күшейтуге тура келіп отыр", – деді Бейсенова онлайн брифингте.
Бас санитардың қаулысына сәйкес, бүгіннен бастап сыртта және іште бұқаралық шараларды өткізуге тыйым салынған. Отбасылық және еске алу жиындарын да ұйымдастыруға болмайды. Бірақ "Ashyq" жобасына қатысатын нысандарда 30 адамға дейін жиналып, ас беруге рұқсат бар.
Қаулы бойынша "Ashyq" жобасына қарамастан бірқатар нысанның жұмысы толығымен тоқтатылады. Олар:
Ал діни нысандарда жұма намазын және тағы басқа шараларды өткізуге тыйым салынып отыр. Қоғамдық тамақтану орындарында бір үстелдің басында төрт адамнан артық жиналмауы шарт.
Онлайн-форматқа ауыстырылатын мекемелер:
- білім беру орталықтары, үйірмелер, балаларды дамыту орталықтары, ересектер мен балаларға арналған коррекция орталықтары;
- вакциналау дәрежесіне қарамастан мемлекеттік органдар, ұлттық компаниялар мен кәсіпорындарда жұмыс істейтін қызметкерлердің, кем дегенде 80 проценті;
- мектеп оқушылары (2022 жылдың 31 қаңтарына дейін);
- жоғары және арнайы оқу орындарының барлық студенті (2022 жылдың 6 ақпанына дейін).
Бұдан бөлек, бас санитар қалада қоғамдық көліктің санын арттыруды тапсырды.
Оқи отырыңыз: "Омикрон" штамы балаларда ауыр өтеді – инфекционист