https://sputnik.kz/20220112/mektep-sabaq-onlayn-format-19130670.html
Елорда мектептерінде сабақ онлайн форматқа ауыстырылды – жаңа қаулы
Елорда мектептерінде сабақ онлайн форматқа ауыстырылды – жаңа қаулы
Sputnik Қазақстан
Бас санитар дәрігер коронавирустың өршуіне байланысты елорданың оқушылары ақпан айына дейін қашықтықтан оқитынын хабарлады 12.01.2022, Sputnik Қазақстан
2022-01-12T18:10+0500
2022-01-12T18:10+0500
2023-08-10T12:11+0500
елорда тынысы
коронавирус
https://sputnik.kz/img/07e4/09/07/14898414_0:0:2000:1125_1920x0_80_0_0_ae3df86ae0dc319ef7483aef0f762257.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 12 қаңтар – Sputnik. Нұр-Сұлтанда коронавирус инфекциясын жұқтырғандар санының күрт көбеюіне байланысты мектеп оқушылары 31 қаңтарға дейін онлайн форматта оқиды. Бұл туралы қаланың бас санитар дәрігері Сархат Бейсенова мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі."Қалада "Омикрон" штамының циркуляциясы анықталған. Бұдан бөлек, адамдар бетперде тақпайды, әлеуметтік қашықтықты сақтамайды. Вакциналаудың маңыздылығына мән бермейді. Соның салдарынан "Омикрон" штамы тез таралып кетті. Енді шектеу және карантиндік шараларды күшейтуге тура келіп отыр", – деді Бейсенова онлайн брифингте.Бас санитардың қаулысына сәйкес, бүгіннен бастап сыртта және іште бұқаралық шараларды өткізуге тыйым салынған. Отбасылық және еске алу жиындарын да ұйымдастыруға болмайды. Бірақ "Ashyq" жобасына қатысатын нысандарда 30 адамға дейін жиналып, ас беруге рұқсат бар.Қаулы бойынша "Ashyq" жобасына қарамастан бірқатар нысанның жұмысы толығымен тоқтатылады. Олар:Ал діни нысандарда жұма намазын және тағы басқа шараларды өткізуге тыйым салынып отыр. Қоғамдық тамақтану орындарында бір үстелдің басында төрт адамнан артық жиналмауы шарт.Онлайн-форматқа ауыстырылатын мекемелер:- білім беру орталықтары, үйірмелер, балаларды дамыту орталықтары, ересектер мен балаларға арналған коррекция орталықтары;- вакциналау дәрежесіне қарамастан мемлекеттік органдар, ұлттық компаниялар мен кәсіпорындарда жұмыс істейтін қызметкерлердің, кем дегенде 80 проценті;- мектеп оқушылары (2022 жылдың 31 қаңтарына дейін);- жоғары және арнайы оқу орындарының барлық студенті (2022 жылдың 6 ақпанына дейін).Бұдан бөлек, бас санитар қалада қоғамдық көліктің санын арттыруды тапсырды.Оқи отырыңыз: "Омикрон" штамы балаларда ауыр өтеді – инфекционист
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/09/07/14898414_250:0:1750:1125_1920x0_80_0_0_0b00c52744b344b66bce5fc1c1bd215d.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
коронавирус
Елорда мектептерінде сабақ онлайн форматқа ауыстырылды – жаңа қаулы
18:10 12.01.2022 (жаңартылды: 12:11 10.08.2023) Бас санитар дәрігер коронавирустың өршуіне байланысты елорданың оқушылары ақпан айына дейін қашықтықтан оқитынын хабарлады
НҰР-СҰЛТАН, 12 қаңтар – Sputnik. Нұр-Сұлтанда коронавирус инфекциясын жұқтырғандар санының күрт көбеюіне байланысты мектеп оқушылары 31 қаңтарға дейін онлайн форматта оқиды. Бұл туралы қаланың бас санитар дәрігері Сархат Бейсенова мәлімдеді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Қалада "Омикрон" штамының циркуляциясы анықталған. Бұдан бөлек, адамдар бетперде тақпайды, әлеуметтік қашықтықты сақтамайды. Вакциналаудың маңыздылығына мән бермейді. Соның салдарынан "Омикрон" штамы тез таралып кетті. Енді шектеу және карантиндік шараларды күшейтуге тура келіп отыр", – деді Бейсенова онлайн брифингте.
Бас санитардың қаулысына сәйкес, бүгіннен бастап сыртта және іште бұқаралық шараларды өткізуге тыйым салынған. Отбасылық және еске алу жиындарын да ұйымдастыруға болмайды. Бірақ "Ashyq" жобасына қатысатын нысандарда 30 адамға дейін жиналып, ас беруге рұқсат бар.
Қаулы бойынша "Ashyq" жобасына қарамастан бірқатар нысанның жұмысы толығымен тоқтатылады. Олар:
- концерт залдары;
- филармониялар;
- цирктер;
- театрлар мен кинотеатрлар;
- түнгі клубтар;
- караоке.
Ал діни нысандарда жұма намазын және тағы басқа шараларды өткізуге тыйым салынып отыр. Қоғамдық тамақтану орындарында бір үстелдің басында төрт адамнан артық жиналмауы шарт.
Онлайн-форматқа ауыстырылатын мекемелер:
- білім беру орталықтары, үйірмелер, балаларды дамыту орталықтары, ересектер мен балаларға арналған коррекция орталықтары;
- вакциналау дәрежесіне қарамастан мемлекеттік органдар, ұлттық компаниялар мен кәсіпорындарда жұмыс істейтін қызметкерлердің, кем дегенде 80 проценті;
- мектеп оқушылары (2022 жылдың 31 қаңтарына дейін);
- жоғары және арнайы оқу орындарының барлық студенті (2022 жылдың 6 ақпанына дейін).
Бұдан бөлек, бас санитар қалада қоғамдық көліктің санын арттыруды тапсырды.