АЛМАТЫ, 12 қаңтар – Sputnik. Шымкентте жалдамалы пәтерді тінту кезінде тонауға қатысы бар деген күдіктілер ұрлаған заттар арасынан банкомат табылды, деп хабарлайды "Хабар 24" телеарнасы.
Полиция олардан банкоматтан бөлек тұрмыстық техника, азық-түлік, алкоголь мен гигиеналық заттар тапты.
Шымкентте өңірден келушілерден басқа тағы бір тонаушы – көлік жуу қызметкері ұсталды.
Оның демалыс бөлмесінен ұрланған заттардан басқа, ерекше иісі бар зат және ішінде сары сұйықтық бар кесілген пластикалық бөтелке, сондай-ақ кастет табылды.