Өңірлер

Шымкентте ұрланған банкомат тонаушылар пәтерінен табылды

© Sputnik / Владимир Трефилов / Медиабанкке өтуБанкомат
Банкомат - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.01.2022
Жазылу
Төрт ер адам Шымкентке Түркістан облысынан келген, олар жаппай тәртіпсіздікке қатысқан
АЛМАТЫ, 12 қаңтар – Sputnik. Шымкентте жалдамалы пәтерді тінту кезінде тонауға қатысы бар деген күдіктілер ұрлаған заттар арасынан банкомат табылды, деп хабарлайды "Хабар 24" телеарнасы.
Тәртіпсіздік кезінде тонауға қатысты деген күдікті төрт адам – Түркістан облысының тұрғындары ілікті.
Полиция олардан банкоматтан бөлек тұрмыстық техника, азық-түлік, алкоголь мен гигиеналық заттар тапты.
Шымкентте өңірден келушілерден басқа тағы бір тонаушы – көлік жуу қызметкері ұсталды.
Оның демалыс бөлмесінен ұрланған заттардан басқа, ерекше иісі бар зат және ішінде сары сұйықтық бар кесілген пластикалық бөтелке, сондай-ақ кастет табылды.

Оқи отырыңыз: 

 
 
Жаңалықтар
0