Өңірлер

Алматыда қиратылған жанармай құю станциясынан бензинді шелекпен ұрлаған – видео

Әлеуметтік желіде жанар-жағармай құю станцияларының бірінде түсірілген видео тарады
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 12 қаңтар – Sputnik. Алматыдағы жаппай тәртіпсіздіктер кезінде 74 жанар-жағармай құю станциясына зақым тиген. Түгі қалмай жанып кеткендері де бар, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан қала әкімдігіне сілтеме жасап.
Мәселен, Алатау ауданындағы Рысқұлов пен Школьная көшесінің қиылысында орналасқан "Роял Петрол" жанар-жағармай құю станциясы, сондай-ақ Райымбек-Саинда тұрған ПетролАзия бекеті толығымен жанып кеткен. Әлеуметтік желіде жанар-жағармай құю станцияларының бірінде түсірілген видео тарады. Онда адамдар канистр мен пластмасса ыдыс ұстап тұр. Ал сәл биік жерде тұрған жігіттер құдықтан бензин алып жатқанға ұқсайды. 
Ресми мәліметке сәйкес, зақымданған 74 жанар-жағармай құю станцияларының 15-і қатты бүлінген.
Ертең, 13 қаңтардан бастап қосымша 33 жанар-жағармай құю станциясын ашу жоспарланып отыр.
Бүгінде Алматыда 220 ЖҚС бар. Соның ішінде 127-сі істеп тұр.