Өңірлер

Алматыда қиратылған жанармай құю станциясынан бензинді шелекпен ұрлаған – видео

© Photo : kris_p_brothersСтолпотворение на АЗС в Алматы 7 января: люди набирают бензин
Столпотворение на АЗС в Алматы 7 января: люди набирают бензин - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.01.2022
Жазылу
Әлеуметтік желіде жанар-жағармай құю станцияларының бірінде түсірілген видео тарады
НҰР-СҰЛТАН, 12 қаңтар – Sputnik. Алматыдағы жаппай тәртіпсіздіктер кезінде 74 жанар-жағармай құю станциясына зақым тиген. Түгі қалмай жанып кеткендері де бар, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан қала әкімдігіне сілтеме жасап.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Kris P Brothers️️️ (@kris_p_brothers)

Мәселен, Алатау ауданындағы Рысқұлов пен Школьная көшесінің қиылысында орналасқан "Роял Петрол" жанар-жағармай құю станциясы, сондай-ақ Райымбек-Саинда тұрған ПетролАзия бекеті толығымен жанып кеткен. Әлеуметтік желіде жанар-жағармай құю станцияларының бірінде түсірілген видео тарады. Онда адамдар канистр мен пластмасса ыдыс ұстап тұр. Ал сәл биік жерде тұрған жігіттер құдықтан бензин алып жатқанға ұқсайды. 
Ресми мәліметке сәйкес, зақымданған 74 жанар-жағармай құю станцияларының 15-і қатты бүлінген.
  • "Синойл" - барлығы 22 ЖҚС. Қазіргі кезде барлығы істеп тұр. (14-іне ішінара зақым тиген);
  • "Гелиос" – барлығы 47 ЖҚС. Қазіргі кезде 31 бекет істеп тұр. 9-ына ішінара зақым тиген (2 аптаның ішінде іске қосады). 7 бекет қатты зақымданды. Оларды жөндеуге 40 күн кетеді;
  • "ПетролАзия" – барлығы 30 ЖҚС. Соның ішінде 22-сі істеп тұр, 7-уіне ішінара зақым тиген, оларды 2 аптаның ішінде іске қосады. Біреуі толығымен жанып кеткен. Оны қалпына келтіру үшін үш ай керек;
  •  "ГазПромНефть" – барлығы 27 ЖҚС.  17-сі істеп тұр, 8-іне жарым-жартылай зақым тиген.  2 бекет қатты зақымданды. Оны екі айдың ішінде қалпына келтіреді;
  •  "КМГ" - барлығы 27 ЖҚС. Соның ішінде 20-сы жұмыс істеп тұр. 7-уіне ішінара зақым тиген. Оны екі аптаның ішінде ашады;
  • "Роял Петрол" - барлығы 34 ЖҚС, қазіргі кезде 15-сі ашық, 18 станция ішінара зақымданды. Ал біреуі толығымен жанып кетті. Оны үш айдың ішінде жөндеп шығады.
Ертең, 13 қаңтардан бастап қосымша 33 жанар-жағармай құю станциясын ашу жоспарланып отыр.
Бүгінде Алматыда 220 ЖҚС бар. Соның ішінде 127-сі істеп тұр.
Жаңалықтар
0