НҰР-СҰЛТАН, 11 қаңтар – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев көптеген жас Қарулы күштер қатарында әскери борышын өтеуден қашатынын айтты.
"Әскери билетке ие болу жастардың мақтанышын тудырмайды және Отанға қызмет етудің белгісі саналмайтын болды. Армия қатарында қызмет ету құқық қорғау саласында жұмыс істеу айрықша миссия. Бұл Отан үшін жанын салуға бел буған азаматтардың саналы таңдауы. Жастарымызды әскери борышын өтеуге қалай ынталандыруға болатынын біз бүкіл қоғам болып ойластыруымыз керек", - деді президент.
Бүгін Мәжілісте Тоқаев саяси және әлеуметтік-экономикалық салалардағы өзекті мәселелерді шешу бойынша ауқымды баяндама жасады. Премьер-министр қызметіне Әлихан Смайылов тағайындалды.
Президент үкімет мүшелері, өңір әкімдері мен депутаттардың жалақысын көтеруге бес жылдық мораторий жариялады.
Еске салсақ, 5 қаңтар күні мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметті отставкаға жіберді.