https://sputnik.kz/20220111/askeri-bilet-toqaev-19112250.html
Әскери билетке ие болу жастардың мақтанышын тудырмайды – Тоқаев
Әскери билетке ие болу жастардың мақтанышын тудырмайды – Тоқаев
Sputnik Қазақстан
Ол жастарды әскери борышын өтеуге қалай ынталандыруға болатынын бүкіл қоғам болып ойластыру керектігін атап өтті 11.01.2022, Sputnik Қазақстан
2022-01-11T13:03+0500
2022-01-11T13:03+0500
2023-08-10T12:14+0500
қоғам
қасым-жомарт тоқаев
әскери қызметкер
https://sputnik.kz/img/07e5/01/06/15930518_0:6:1920:1086_1920x0_80_0_0_bd919b7889f45597ea8f1ea3bc75ea9e.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 11 қаңтар – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев көптеген жас Қарулы күштер қатарында әскери борышын өтеуден қашатынын айтты."Әскери билетке ие болу жастардың мақтанышын тудырмайды және Отанға қызмет етудің белгісі саналмайтын болды. Армия қатарында қызмет ету құқық қорғау саласында жұмыс істеу айрықша миссия. Бұл Отан үшін жанын салуға бел буған азаматтардың саналы таңдауы. Жастарымызды әскери борышын өтеуге қалай ынталандыруға болатынын біз бүкіл қоғам болып ойластыруымыз керек", - деді президент. Бүгін Мәжілісте Тоқаев саяси және әлеуметтік-экономикалық салалардағы өзекті мәселелерді шешу бойынша ауқымды баяндама жасады. Премьер-министр қызметіне Әлихан Смайылов тағайындалды.Президент үкімет мүшелері, өңір әкімдері мен депутаттардың жалақысын көтеруге бес жылдық мораторий жариялады.Еске салсақ, 5 қаңтар күні мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметті отставкаға жіберді.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/01/06/15930518_232:0:1688:1092_1920x0_80_0_0_f14e94cf3a0b1545f4e3d47a74a35d6d.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қасым-жомарт тоқаев, әскери қызметкер
қасым-жомарт тоқаев, әскери қызметкер
Әскери билетке ие болу жастардың мақтанышын тудырмайды – Тоқаев
13:03 11.01.2022 (жаңартылды: 12:14 10.08.2023) Ол жастарды әскери борышын өтеуге қалай ынталандыруға болатынын бүкіл қоғам болып ойластыру керектігін атап өтті
НҰР-СҰЛТАН, 11 қаңтар – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев көптеген жас Қарулы күштер қатарында әскери борышын өтеуден қашатынын айтты.
"Әскери билетке ие болу жастардың мақтанышын тудырмайды және Отанға қызмет етудің белгісі саналмайтын болды. Армия қатарында қызмет ету құқық қорғау саласында жұмыс істеу айрықша миссия. Бұл Отан үшін жанын салуға бел буған азаматтардың саналы таңдауы. Жастарымызды әскери борышын өтеуге қалай ынталандыруға болатынын біз бүкіл қоғам болып ойластыруымыз керек", - деді президент.
Бүгін Мәжілісте Тоқаев саяси және әлеуметтік-экономикалық салалардағы өзекті мәселелерді шешу бойынша ауқымды баяндама жасады. Премьер-министр қызметіне Әлихан Смайылов тағайындалды.
Президент үкімет мүшелері, өңір әкімдері мен депутаттардың жалақысын көтеруге бес жылдық мораторий жариялады.
Еске салсақ, 5 қаңтар күні мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметті отставкаға жіберді.