НҰР-СҰЛТАН, 11 қаңтар – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен жаңа премьер-министр Әлихан Смайыловтың орынбасарлары тағайындалды, деп хабарлайды Ақорда.
Атап айтқанда:
Еске салсақ, Скляр, Тоғжанов және Тілеуберді үкімет отставкаға кеткенге дейін де вице-премьер қызметін атқарған болатын. Олардың қатарына енді Бақыт Сұлтанов қосылды. Ол бұған дейін тек сауда және интеграция министрлігін басқарды.
Елдегі наразылық пен жаппай тәртіпсіздіктерден кейін 5 қаңтарда президент Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметті отставкаға жіберді. Премьер-министр міндетін уақытша атқару Әлихан Смайыловқа жүктелді. Ал 11 қаңтарда мемлекет басшысының жарлығымен Смайылов Қазақстанның премьер-министрі болып тағайындалды.