Саясат

Жаңа премьердің төрт орынбасары тағайындалды

© Sputnik / Владислав ВодневПортфель чиновника, архивное фото
Портфель чиновника, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.01.2022
Жазылу
Бүгін, 11 қаңтарда мемлекет басшысы үкіметтің жаңа құрамын бекітті
НҰР-СҰЛТАН, 11 қаңтар – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен жаңа премьер-министр Әлихан Смайыловтың орынбасарлары тағайындалды, деп хабарлайды Ақорда.
Атап айтқанда:
  • Роман Скляр – премьер-министрдің бірінші орынбасары;
  • Ералы Тоғжанов – премьер-министрдің орынбасары;
  • Мұхтар Тілеуберді – премьер-министрдің орынбасары – сыртқы істер министрі;
  • Бақыт Сұлтанов – премьер-министрдің орынбасары – сауда және интеграция министрі.
Еске салсақ, Скляр, Тоғжанов және Тілеуберді үкімет отставкаға кеткенге дейін де вице-премьер қызметін атқарған болатын. Олардың қатарына енді Бақыт Сұлтанов қосылды. Ол бұған дейін тек сауда және интеграция министрлігін басқарды. 
Елдегі наразылық пен жаппай тәртіпсіздіктерден кейін 5 қаңтарда президент Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметті отставкаға жіберді. Премьер-министр міндетін уақытша атқару Әлихан Смайыловқа жүктелді. Ал 11 қаңтарда мемлекет басшысының жарлығымен Смайылов Қазақстанның премьер-министрі болып тағайындалды. 
Жаңалықтар
0