Қоғам

Алматыда қанша террорист ұсталды

Алматыда антитеррористік операция жалғасуда, Әуезов, Алатау және Медеу аудандарын тазарту жұмыстары жүріп жатыр
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 10 қаңтар – Sputnik. Алматы комендатурасы жексенбі, 9 қаңтардағы жағдай бойынша қалада қанша лаңкес ұсталып, неше қару тәркіленгенін айтты.
Комендатураның мәліметінше, мына учаскелер қылмыскерлерден тазартылды:
Қазір Әуезов, Алатау және Медеу аудандарын тазарту жұмыстары жалғасып жатыр.
"Лаңкестік, тонау және басқа да қылмыстарды жасаған 508 адам ұсталды. 22 дана атыс қаруы мен 1412 оқ-дәрі тәркіленді. Блокбекеттерде 56 адам мен 9 көлік ұсталды", - делінген хабарламада.
"102" пультіне 1021 хабарлама келіп түсті. Комендатураның Call-орталығына азаматтардан жедел әрекет етуді талап ететін 525 дабыл түсті. Барлық хабарлама өңделді.