Қоғам

Алматыда қанша террорист ұсталды

© Sputnik/Александр МирогловУлицы в Алматы после погромов и беспорядков. 6 января 2022 года
Улицы в Алматы после погромов и беспорядков. 6 января 2022 года - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.01.2022
Жазылу
Алматыда антитеррористік операция жалғасуда, Әуезов, Алатау және Медеу аудандарын тазарту жұмыстары жүріп жатыр
НҰР-СҰЛТАН, 10 қаңтар – Sputnik. Алматы комендатурасы жексенбі, 9 қаңтардағы жағдай бойынша қалада қанша лаңкес ұсталып, неше қару тәркіленгенін айтты.
Комендатураның мәліметінше, мына учаскелер қылмыскерлерден тазартылды:
  • Саин – Райымбек – Карьерная – Жандосов көшелерінің аумағы;
  • Абай – Достық – Әл-Фараби – Желтоқсан көшелерінің аумағы.
Қазір Әуезов, Алатау және Медеу аудандарын тазарту жұмыстары жалғасып жатыр.
"Лаңкестік, тонау және басқа да қылмыстарды жасаған 508 адам ұсталды. 22 дана атыс қаруы мен 1412 оқ-дәрі тәркіленді. Блокбекеттерде 56 адам мен 9 көлік ұсталды", - делінген хабарламада.
"102" пультіне 1021 хабарлама келіп түсті. Комендатураның Call-орталығына азаматтардан жедел әрекет етуді талап ететін 525 дабыл түсті. Барлық хабарлама өңделді.
Жаңалықтар
0