Қаңтар оқиғасы

Мемлекет жаппай бүліктен зардап шеккен кәсіпкерлерге көмектеседі

Қазақстанда бизнес нысандары тәртіпсіздіктен 87 миллиард теңгеден астам шығынға батқан
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 8 қаңтар – Sputnik. Мемлекет экстремистердің іс-әрекеті салдарынан зардап шеккен шағын және орта бизнес субъектілеріне көмектеседі. Мұндай SMS хабарлама Ақорданың нөмірінен жіберілді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Президент әкімшілігі елде интернет жұмыс істемей тұрғандықтан азаматтарға SMS арқылы ақпарат беріп жатыр.
Хабар 24 телеарнасы бизнес нысандары жаппай бүліктен 87 миллиард теңгеден астам шығынға батқанын хабарлады. Оның басым бөлігі Алматы қаласына тиесілі. Бұл шығын әлі де өсуі мүмкін.
10 өңірде 800-ден астам кәсіпкер мүлкі талан-таражға түскенін жеткізген. Қазір кәсіпкерлерге лаңкестерден келген шығын есептеліп жатыр.
Оқи отырыңыз: Алматыдағы тәртіпсіздіктер: сауда орындарына келген шығынның көлемі қандай