Өңірлер

Алматыдағы тәртіпсіздіктер: сауда орындарына келген шығынның көлемі қандай

© Sputnik / Абзал КалиевНекоторые торговые центры в Нур-Султане закрыты. На санитарный день
Некоторые торговые центры в Нур-Султане закрыты. На санитарный день - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.01.2022
Жазылу
Кәсіпкерлер Алматыда зардап шеккен сауда орындары мен дүкендердің болжамды шығын мөлшерін жариялады
НҰР-СҰЛТАН, 6 қаңтар – Sputnik. Сауда желілері одағының қатысушысы Дмитрий Шишкин Алматыдағы сауда орталықтары мен дүкендерге келген шығынның алдын ала көлемін жариялады, деп хабарлайды "Атамекен" ҰКП.
  • Magnum Cash&Carry-дің 23 дүкені зақымданды. Соның ішінде 12 дүкен тоналып, 13-і бүлінді. Жалпы шығынның алдын ала көлемі - 8,5 млрд теңге;
  • Технодом – Алматы мен Талдықорғанда 14 дүкен зақымданды. Шығын, шамамен, 5,5 млрд теңге;
  • Sulpak - Алматыда 11 дүкен тоналды. Шығын - 5,14 млрд теңге;
  • Alser –Алматыдағы 7 дүкенке келген шығын 1 млрд теңгеге бағаланып отыр;
  • "Спортмастер Қазақстан" ЖШС, "Остин" ЖШС – Орал, Алматы және Шымкетте 20-25 дүкен бүлінді. Шығын көлемі - 3 млрд теңге;
  • Mon Amie – Алматыда 8 дүкенге зақым келді. Шығын есептеліп жатыр.
  • Intertop пен Evrika - шығын 50 млн теңге шамасында;
  • Kimex/Gracie - Алматыда 11 дүкені бүлінді, шығын - 1 млрд теңге.

Оқи отырыңыз: 

Алматыда полиция тәртіп бұзғандарды ұстап жатыр – видео
Отбасы, Халық пен Kaspi банк өсімпұл есептемейтінін мәлімдеді
 
Жаңалықтар
0