Саясат

АҚШ Қазақстандағы төтенше жағдайға қатты алаңдап отыр

Блинкен АҚШ кез келген зорлық-зомбылықты айыптайтынын және тараптарды жағдайды бейбіт жолмен шешуге шақыратынын баса айтты
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 8 қаңтар – Sputnik. АҚШ Қазақстан ҰҚШҰ-ның көмегінсіз-ақ жағдайды реттей алады деп санайды. Бұл туралы АҚШ мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен мәлімдеді.
"Бізді Қазақстандағы төтенше жағдай қатты алаңдатып отыр, біз билікке тепе-тең, лайықты түрде, наразылық білдірушілердің құқықтарына сәйкес келетіндей әрекет етуді ескерттік", - деді Блинкен журналистерге.
Ол АҚШ кез келген зорлық-зомбылықты айыптайтынын және тараптарды жағдайды бейбіт жолмен шешуге шақыратынын баса айтты.
Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев террористермен келіссөз жүргізу туралы шетелден жасалған ұсынысты ақымақтық деп атаған болатын. Қаруын тастамаған тәртіпсіздікті бастаушылар жойылатынын мәлімдеді.
Еске сала кетейік, Қазақстан президенті елге төнген лаңкестік қауіпке байланысты ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінен көмек сұрады. 
Оқи отырыңыз: Тоқаев ҰҚШҰ-дан көмек сұрады