Қаңтар оқиғасы

Қазақстанға Беларусьтен ҰҚШҰ бітімгерлері жеткізілді

Қазақстанға ҰҚШҰ-ның Ресей, Беларусь, Армения, Қырғызстан және Тәжікстан елдерінің бітімгершілік күштері келіп жатыр
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 7 қаңтар – Sputnik. Қазақстанға Беларусьтен ҰҚШҰ бітімгершілік күштері жеткізілді.
Олар Ресей ұшақтарымен Жетіген аэродромына келді.
Ресей қорғаныс министрлігі құрған 70-тен астам Ил-76 және 5 Ан-124 ұшағынан тұратын авиациялық топ Қазақстанға тәулік бойы ҰҚШҰ бітімгершілік күштері ресейлік контингентінің бөлімдерін тасымалдауда.
Қазақстанға ҰҚШҰ-ның Ресей, Беларусь, Армения, Қырғызстан және Тәжікстан елдерінің бітімгершілік күштері келіп жатыр.
Еске сала кетейік, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға төнген лаңкестік қауіпке байланысты ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінен көмек сұрағанын мәлімдеген болатын. 
Оқи отырыңыз: Тоқаев ҰҚШҰ-дан көмек сұрады