Экономика

Үш өңірде газ литріне 50 теңгеден сатылады – үкімет

Мемлекет басшысының тапсырмасымен Жаңаөзен қаласында жаңа газ өңдеу зауытының құрылысына дайындық жұмыстары жеделдетілді
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 6 қаңтар - Sputnik. Үкімет көлікке арналған сұйытылған мұнай газының 180 күнге арналған шекті бағасын бекітті.
Сондай-ақ, мемлекет басшысының тапсырмасымен Жаңаөзен қаласында жаңа газ өңдеу зауытының құрылысына дайындық жұмыстары жеделдетілді.
Еске сала кетері,  газ бағасының екі есе – 120 теңгеге дейін қымбаттауына байланысты Қазақстанның батысында наразылық акциялары басталған болатын.
Кейін митингілер өзге өңірлерде де жалғасты. Алматыдағы наразылықтар тәртіпсіздікке айналды. Елде төтенше жағдай жарияланды.