НҰР-СҰЛТАН, 6 қаңтар – Sputnik. Полиция Алматы тұрғындарынан қауіпсіздік мақсатында қала орталығына бармауды сұрайды, деп хабарлады қалалық полиция департаментінің баспасөз хатшысы Салтанат Әзірбек.
"Қазір Масаншы – Қарасай батыр – Жамбыл – Байтұрсынов көшелерінің аумағында, үш әкімшілік ғимарат орналасқан жерде лаңкестікке қарсы операция жүргізіліп жатқанын хабарлаймыз. Осыған байланысты қала тұрғындары мен қонақтарын өз қауіпсіздігі үшін үйлерінен шықпауға және көрсетілген аумақты айналып өтуге шақырамыз", - деді Алматы полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек "Хабар 24" телеарнасының эфирінде.
Бұған дейін Алматыдағы митингілер тәртіпсіздікке ұласты. Қалада лаңкестікке қарсы арнайы операция басталды. Ойрандаушылар басып алған қаланың әуежайы босатылды.