Оқиға

Алматыда ойран салған ондаған адамның көзі жойылды – полиция

© REUTERS / PAVEL MIKHEYEVМитингующие в Алматы нападают на полицейский автомобиль
Митингующие в Алматы нападают на полицейский автомобиль - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.01.2022
Жазылу
Олардың жеке басы анықталып жатыр, нақты қанша адам өлгені белгісіз
НҰР-СҰЛТАН, 6 қаңтар – Sputnik. Алматыда қаңтардың 5-нен 6-на қараған түні экстремистер полиция департаменті ғимаратын басып алуға әрекет жасады. Ондаған ойран салушының көзі жойылды, деп мәлімдеді қалалық полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.
"Түнде экстремистік күштер әкімшілік ғимараттарға, Алматы полиция департаментіне, сондай-ақ аудандық басқармалар мен ішкі істер бөлімдеріне басып кіруге әрекеттенді. Ондаған шабуыл жасаушы өлтірілді, олардың жеке тұлғалары анықталып жатыр", - деді Әзірбек.
Ресми өкіл көзі жойылған қылмыскерлердің нақты санын айтқан жоқ.
Полиция Алматы тұрғындарынан қауіпсіздік мақсатында қала орталығына бармауды сұрады.
"Қазір Масаншы – Қарасай батыр – Жамбыл – Байтұрсынов көшелерінің аумағында, үш әкімшілік ғимарат орналасқан жерде лаңкестікке қарсы операция жүргізіліп жатқанын хабарлаймыз. Осыған байланысты қала тұрғындары мен қонақтарын өз қауіпсіздігі үшін үйлерінен шықпауға және көрсетілген аумақты айналып өтуге шақырамыз", - деді Алматы полиция департаментінің ресми өкілі.
Бұған дейін Алматыдағы митингілер тәртіпсіздікке ұласты. Қалада лаңкестікке қарсы арнайы операция басталды. Ойрандаушылар басып алған қаланың әуежайы босатылды.
Жаңалықтар
0