Қоғам

Алматыда полиция басқармасы ғимаратының маңында террористердің көзі жойылды

Алматыда антитеррористік операция жүріп жатыр
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 6 қаңтар – Sputnik. Алматы қаласы Алмалы ауданы полиция басқармасы ғимаратының маңында террористердің көзі жойылды, деп мәлімдеді Алматы комендантының ресми өкілі Салтанат Әзірбек. 
"Жаңа ғана Қарасай батыр көшесінде орналасқан Алмалы ауданы полиция басқармасының әкімшілік ғимаратына жасалған шабуылға тойтарыс берілді. Террористердің көзі жойылды", - деді ол Sputnik Қазақстан тілшісіне.
Көзі жойылған қылмыскерлердің нақты саны әзірге белгісіз.
Сондай-ақ Алматы коменданты Қанат Таймерденов тұрғындарға үндеу жасап, төтенше жағдай режимі кезінде жүріп-тұру ережелерін еске салды.
"Қазіргі таңда Алматыда антитеррористік операция жүріп жатыр. Оған ішкі істер органдарының қызметкерлері, Ұлттық ұлан, сондай-ақ Ұлттық қауіпсіздік комитеті бөлімшелері мен қорғаныс министрлігінің әскерилері жұмылдырылды. Қаланың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету қалпына келтірілуде. "Төтенше жағдай туралы" заңға сәйкес, режим кезінде негізгі шаралар мен уақытша шектеулер қарастырылады. Оларды бұлжытпай орындау керек", - деп мәлімдеді комендант.
Төтенше жағдай режимінің талаптарын бұзғаны үшін жауапкершілік көзделген. ТЖ режимі аясында келесі шараларды сақтау қажет: