https://sputnik.kz/20220106/Almaly-audan-politsiya-basqarma-19080016.html
Алматыда полиция басқармасы ғимаратының маңында террористердің көзі жойылды
Алматыда полиция басқармасы ғимаратының маңында террористердің көзі жойылды
Sputnik Қазақстан
Алматыда антитеррористік операция жүріп жатыр 06.01.2022, Sputnik Қазақстан
2022-01-06T18:38+0500
2022-01-06T18:38+0500
2022-02-01T13:05+0500
қоғам
терроризмге қарсы арнайы операция
алматы
полиция
террористер
https://sputnik.kz/img/07e6/01/06/19072314_4:0:3645:2048_1920x0_80_0_0_e0ae1516a50f5a317d37ebb9c6352c64.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 6 қаңтар – Sputnik. Алматы қаласы Алмалы ауданы полиция басқармасы ғимаратының маңында террористердің көзі жойылды, деп мәлімдеді Алматы комендантының ресми өкілі Салтанат Әзірбек. Көзі жойылған қылмыскерлердің нақты саны әзірге белгісіз.Сондай-ақ Алматы коменданты Қанат Таймерденов тұрғындарға үндеу жасап, төтенше жағдай режимі кезінде жүріп-тұру ережелерін еске салды."Қазіргі таңда Алматыда антитеррористік операция жүріп жатыр. Оған ішкі істер органдарының қызметкерлері, Ұлттық ұлан, сондай-ақ Ұлттық қауіпсіздік комитеті бөлімшелері мен қорғаныс министрлігінің әскерилері жұмылдырылды. Қаланың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету қалпына келтірілуде. "Төтенше жағдай туралы" заңға сәйкес, режим кезінде негізгі шаралар мен уақытша шектеулер қарастырылады. Оларды бұлжытпай орындау керек", - деп мәлімдеді комендант.Төтенше жағдай режимінің талаптарын бұзғаны үшін жауапкершілік көзделген. ТЖ режимі аясында келесі шараларды сақтау қажет:
алматы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/01/06/19072314_914:0:3645:2048_1920x0_80_0_0_d948d305a172dcb4457084d212eb1b06.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
терроризмге қарсы арнайы операция, алматы, полиция, террористер
терроризмге қарсы арнайы операция, алматы, полиция, террористер
Алматыда полиция басқармасы ғимаратының маңында террористердің көзі жойылды
18:38 06.01.2022 (жаңартылды: 13:05 01.02.2022) Алматыда антитеррористік операция жүріп жатыр
НҰР-СҰЛТАН, 6 қаңтар – Sputnik. Алматы қаласы Алмалы ауданы полиция басқармасы ғимаратының маңында террористердің көзі жойылды, деп мәлімдеді Алматы комендантының ресми өкілі Салтанат Әзірбек.
"Жаңа ғана Қарасай батыр көшесінде орналасқан Алмалы ауданы полиция басқармасының әкімшілік ғимаратына жасалған шабуылға тойтарыс берілді. Террористердің көзі жойылды", - деді ол Sputnik Қазақстан тілшісіне.
Көзі жойылған қылмыскерлердің нақты саны әзірге белгісіз.
Сондай-ақ Алматы коменданты Қанат Таймерденов тұрғындарға үндеу жасап, төтенше жағдай режимі кезінде жүріп-тұру ережелерін еске салды.
"Қазіргі таңда Алматыда антитеррористік операция жүріп жатыр. Оған ішкі істер органдарының қызметкерлері, Ұлттық ұлан, сондай-ақ Ұлттық қауіпсіздік комитеті бөлімшелері мен қорғаныс министрлігінің әскерилері жұмылдырылды. Қаланың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету қалпына келтірілуде. "Төтенше жағдай туралы" заңға сәйкес, режим кезінде негізгі шаралар мен уақытша шектеулер қарастырылады. Оларды бұлжытпай орындау керек", - деп мәлімдеді комендант.
Төтенше жағдай режимінің талаптарын бұзғаны үшін жауапкершілік көзделген. ТЖ режимі аясында келесі шараларды сақтау қажет:
- үйде отыру;
- антитеррористік операция белсенді жүріп жатқан ауданда терезеге жақындамау;
- байбаламға салынбау;
- ресми дереккөздердің ақпаратына сүйену;
- құқық қорғаушыларға жәрдемдесу;
- қабылданған шараларға түсіністікпен қарау.