Қоғам

Боран соғады – синоптиктер үш күнге ауа райы болжамын жасады

Алдағы үш күнде Қазақстанда аздап күн жылынады, боран соғып, қар жауады деп болжанып отыр
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 5 қаңтар – Sputnik. Қазгидрометтің синоптиктері 2022 жылдың 6-8 қаңтарында Қазақстанда ауа райы қандай болатынын болжады.
6 қаңтардан бастап Скандинавия аумағынан келетін кезекті циклон еліміздің басым бөлігінде ауа райына әсер етіп, жауын-шашын әкеледі, негізінен қар жауады, жаяу бұрқасын соғып, жел күшейеді, сондай-ақ ауа температурасы аздап көтеріледі деп болжанып отыр.   
Алдағы үш күнде Қазақстанда тұман түсіп, көктайғақ болады.
Республиканың батысы мен солтүстік-батысында термометр бағаны түнде 0 - минус 8-ге дейін, солтүстік пен орталықта минус 5-15 градусқа дейін көтеріледі.
Оқи отырыңыз: Биылғы қыс қандай болады – синоптиктер болжам жасады