НҰР-СҰЛТАН, 5 қаңтар – Sputnik. Киевте түсірілген видеоны Қазақстандағы тәртіпсіздіктер кезінде болған оқиға ретінде таратып жатыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Stopfake.kz порталына сілтеме жасап.
"Қазақстанда наразылық білдірушілер бронетранспортерлерге жанатын қоспасы бар бөтелкелер лақтырғаны туралы хабарламасы бар видео таратылуда. Бұл - фейк", - делінген ақпаратта.
Шын мәнінде, бұл кадрлар 2014 жылы ақпан айында Киевтегі Майдан кезінде түсірілген. Сол кезде видео YouTube-та және бірнеше жаңалықтар порталында жарияланған болатын. Бұл кадрлардың Қазақстанға еш қатысы жоқ.
Халық неге көшеге шықты
2 қаңтарда сұйытылған газ бағасы күрт көтерілгеннен кейін Жаңаөзен мен Ақтау тұрғындары наразылыққа шықты. Халық 120 теңгеге қымбаттаған газды 50 теңгеге дейін төмендетуді талап етті.
Энергетика министрлігі бір тәуліктен кейін ғана арнайы баспасөз мәслихатын өткізіп, газ бағасы не себепті өскенін түсіндірді. Жаңа жылдан бастап әкімдік газ бағасын реттеуге араласпайды. Шикізат толығымен электронды биржа арқылы сатылады. Сол себепті ендігі кезекте бағаны сұраныс пен ұсынысқа сәйкес нарықтың өзі қалыптастырады екен.
Ал мемлекет басшысы 3 қаңтарға қараған түні Twitter арқылы үкіметке Жаңаөзендегі жағдайды шұғыл түрде қарастыруды тапсырды. Ертесінде құрамында президент әкімшілігінің қызметкерлері бар үкіметтік комиссия Ақтауға барды. Газдың бағасы 50 теңгеге дейін төмендетуге шешім қабылданды.
Маңғыстаудағы наразылықтардан кейін Алматы тұрғындарды көшеге шықты. Түнде тәртіпсіздіктер басталды.
Президенттің жарлығымен Алматы қаласы мен Маңғыстау облысында 5 қаңтар сағат 01:30-дан 19 қаңтар сағат 00:00 кезеңі аралығында төтенше жағдай енгізілді.
Ақордада қандай шешімдер қабылданды
5 қаңтар таңертең президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен шұғыл кеңес өтті. Сол жерде мемлекет басшысы елдегі әлеуметтік-экономикалық ахуалды тұрақтандыру үшін бірқатар тапсырма берді. Олар: