https://sputnik.kz/20220105/Kievt-video-taritpsizdikter-19056946.html
Киевте түсірілген видео Қазақстандағы тәртіпсіздіктер кезіндегі оқиға ретінде тарап жатыр
Киевте түсірілген видео Қазақстандағы тәртіпсіздіктер кезіндегі оқиға ретінде тарап жатыр
Sputnik Қазақстан
Желіде Қазақстанға еш қатысы жоқ видео тараған, ол 2014 жылы ақпан айында Киевтегі наразылық кезінде түсірілгені анықталды 05.01.2022, Sputnik Қазақстан
2022-01-05T12:48+0500
2022-01-05T12:48+0500
2022-02-02T09:48+0500
қазақстан-2022: газ бағасына наразы халық көшеге шықты
оқиға
видео
https://sputnik.kz/img/old/1209/90/12099008_0:211:4288:2636_1920x0_80_0_0_27ba17ed1cb756f2e0f07ed11af30551.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 5 қаңтар – Sputnik. Киевте түсірілген видеоны Қазақстандағы тәртіпсіздіктер кезінде болған оқиға ретінде таратып жатыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Stopfake.kz порталына сілтеме жасап."Қазақстанда наразылық білдірушілер бронетранспортерлерге жанатын қоспасы бар бөтелкелер лақтырғаны туралы хабарламасы бар видео таратылуда. Бұл - фейк", - делінген ақпаратта.Шын мәнінде, бұл кадрлар 2014 жылы ақпан айында Киевтегі Майдан кезінде түсірілген. Сол кезде видео YouTube-та және бірнеше жаңалықтар порталында жарияланған болатын. Бұл кадрлардың Қазақстанға еш қатысы жоқ.Халық неге көшеге шықты2 қаңтарда сұйытылған газ бағасы күрт көтерілгеннен кейін Жаңаөзен мен Ақтау тұрғындары наразылыққа шықты. Халық 120 теңгеге қымбаттаған газды 50 теңгеге дейін төмендетуді талап етті.Энергетика министрлігі бір тәуліктен кейін ғана арнайы баспасөз мәслихатын өткізіп, газ бағасы не себепті өскенін түсіндірді. Жаңа жылдан бастап әкімдік газ бағасын реттеуге араласпайды. Шикізат толығымен электронды биржа арқылы сатылады. Сол себепті ендігі кезекте бағаны сұраныс пен ұсынысқа сәйкес нарықтың өзі қалыптастырады екен.Ал мемлекет басшысы 3 қаңтарға қараған түні Twitter арқылы үкіметке Жаңаөзендегі жағдайды шұғыл түрде қарастыруды тапсырды. Ертесінде құрамында президент әкімшілігінің қызметкерлері бар үкіметтік комиссия Ақтауға барды. Газдың бағасы 50 теңгеге дейін төмендетуге шешім қабылданды.Маңғыстаудағы наразылықтардан кейін Алматы тұрғындарды көшеге шықты. Түнде тәртіпсіздіктер басталды.Президенттің жарлығымен Алматы қаласы мен Маңғыстау облысында 5 қаңтар сағат 01:30-дан 19 қаңтар сағат 00:00 кезеңі аралығында төтенше жағдай енгізілді.Ақордада қандай шешімдер қабылданды5 қаңтар таңертең президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен шұғыл кеңес өтті. Сол жерде мемлекет басшысы елдегі әлеуметтік-экономикалық ахуалды тұрақтандыру үшін бірқатар тапсырма берді. Олар:
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/old/1209/90/12099008_0:76:4288:2771_1920x0_80_0_0_3f7041e7f43538014bf4404c18eb2062.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қазақстан-2022: газ бағасына наразы халық көшеге шықты
қазақстан-2022: газ бағасына наразы халық көшеге шықты
Киевте түсірілген видео Қазақстандағы тәртіпсіздіктер кезіндегі оқиға ретінде тарап жатыр
12:48 05.01.2022 (жаңартылды: 09:48 02.02.2022) Желіде Қазақстанға еш қатысы жоқ видео тараған, ол 2014 жылы ақпан айында Киевтегі наразылық кезінде түсірілгені анықталды
НҰР-СҰЛТАН, 5 қаңтар – Sputnik. Киевте түсірілген видеоны Қазақстандағы тәртіпсіздіктер кезінде болған оқиға ретінде таратып жатыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан
Stopfake.kz порталына сілтеме жасап.
"Қазақстанда наразылық білдірушілер бронетранспортерлерге жанатын қоспасы бар бөтелкелер лақтырғаны туралы хабарламасы бар видео таратылуда. Бұл - фейк", - делінген ақпаратта.
Шын мәнінде, бұл кадрлар 2014 жылы ақпан айында Киевтегі Майдан кезінде түсірілген. Сол кезде видео YouTube-та және бірнеше жаңалықтар порталында жарияланған болатын. Бұл кадрлардың Қазақстанға еш қатысы жоқ.
2 қаңтарда сұйытылған газ бағасы күрт көтерілгеннен кейін Жаңаөзен мен Ақтау тұрғындары наразылыққа шықты. Халық 120 теңгеге қымбаттаған газды 50 теңгеге дейін төмендетуді талап етті.
Энергетика министрлігі бір тәуліктен кейін ғана арнайы баспасөз мәслихатын өткізіп, газ бағасы не себепті өскенін түсіндірді. Жаңа жылдан бастап әкімдік газ бағасын реттеуге араласпайды. Шикізат толығымен электронды биржа арқылы сатылады. Сол себепті ендігі кезекте бағаны сұраныс пен ұсынысқа сәйкес нарықтың өзі қалыптастырады екен.
Ал мемлекет басшысы 3 қаңтарға қараған түні Twitter арқылы үкіметке Жаңаөзендегі жағдайды шұғыл түрде қарастыруды тапсырды. Ертесінде құрамында президент әкімшілігінің қызметкерлері бар үкіметтік комиссия Ақтауға барды. Газдың бағасы 50 теңгеге дейін төмендетуге шешім қабылданды.
Маңғыстаудағы наразылықтардан кейін Алматы тұрғындарды көшеге шықты. Түнде тәртіпсіздіктер басталды.
Президенттің жарлығымен Алматы қаласы мен Маңғыстау облысында 5 қаңтар сағат 01:30-дан 19 қаңтар сағат 00:00 кезеңі аралығында төтенше жағдай енгізілді.
Ақордада қандай шешімдер қабылданды
5 қаңтар таңертең президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен шұғыл кеңес өтті. Сол жерде мемлекет басшысы елдегі әлеуметтік-экономикалық ахуалды тұрақтандыру үшін бірқатар тапсырма берді. Олар:
- Мұнай өнімдерінің (бензин, дизель, сұйытылған газ) бағасына мемлекеттік реттеуді 180 күнге енгізу;
- Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы бойынша мемлекеттік реттеуді енгізу. Шешімді нақты аймақтағы әлеуметтік-экономикалық жағдайға қарай өңірлердің әкімдері қабылдайды;
- "Жеке тұлғалардың банкроттығы туралы" заңды әзірлеуге кірісу;
- Халық үшін 180 күнге коммуналдық тарифтерді көтеруге мораторий енгізу қажеттігін қарастыру;
- Халықтың әлеуметтік жағдайы нашар топтары үшін нарықтағы баспананы жалға алу құнын субсидиялау мәселесін қарастыру;
- Денсаулық сақтау және балалар мәселелерін шешу үшін "Қазақстан халқына" деп аталатын қоғамдық қор құру, оны мемлекеттік және жеке көздер арқылы қаржыландыру.