Қоғам

Түркістан облысында адам өлтіруге оқталғандар іздестіріліп жатыр

Сарыағаш ауданы полицейлері адам өлтіруге оқталу фактісі бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр. Күдіктілер әлі бостандықта жүр
Sputnik
АЛМАТЫ, 4 қаңтар – Sputnik. Түркістан облысы полиция департаментінің қызметкерлері Сарыағаш ауданы тұрғынының үйіне белгісіз біреулер шабуыл жасау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.
Қарсылық көрсету кезінде сол үйдің ұлы жарақат алған.
Түркістан облысының полициясы 3 қаңтарда жергілікті тұрғынның үйіне шабуыл жасау фактісіне түсініктеме берді.
Тәртіп сақшылары қылмыстың мән-жайын, себебін құпия ұстап отыр. Алайда құқық қорғау органдары аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне Сарыағаш аудандық полиция бөлімінде Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 24-99-бабы "Адам өлтіруге оқталу" бойынша тіркегенін нақтылады.
"Тәжірибелі қызметкерлер қатарынан жедел-тергеу тобы құрылды. Оны Түркістан облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары Құрманбек Сахов басқарды", - деп хабарлады өңірлік полиция департаменті.
Полицияда жарақат алған жас жігіттің жағдайы туралы ешқандай түсініктеме бермеді. Тек күдіктің әлі ұсталмағанын айтты. Олардың жеке басын анықтауға және ұстауға бағытталған барлық қажетті шара қабылданып жатыр.
Әлеуметтік желілерде және кейбір БАҚ-та таратылған мәлімет сәйкес, шабуыл жасалған үйде танымал жергілікті журналист Амангелді Батырбековтың отбасы тұрады.
Ол жергілікті билікті ашық сынайтын "Сарыағаш-инфо" газетін шығарады.

Оқи отырыңыз: