НҰР-СҰЛТАН, 4 қаңтар – Sputnik. Маңғыстау облысында үкіметтік комиссия мүшелері белсенділермен келіссөз жүргізіп жатыр.
Үкіметтің баспасөз қызметі жиынға қатысушылар қоғамдық қауіпсіздікті сақтай отырып, жағдайды реттеу мүмкіндігін талқылап жатқанын хабарлады.
"Комиссия өзара тиімді шешім қабылдау үшін өзекті мәселелерді жан-жақты және жүйелі қарастырады", - делінген үкіметтің баспасөз қызметінің хабарламасында.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев комиссияға еліміздегі тұрақтылықты сақтай отырып, туындаған мәселе бойынша өзара тиімді шешім шығару жүктелгенін мәлімдеген болатын.