Қоғам

Маңғыстауда үкіметтік комиссия белсенділермен келіссөз жүргізіп жатыр

© Photo : Пресс-служба правительства КазахстанаЧлены правкомиссии ведут переговоры с группой активистов в Мангистау
Члены правкомиссии ведут переговоры с группой активистов в Мангистау - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.01.2022
Жазылу
Үкіметтік комиссия мүшелері сұйытылған газ бағасын төмендетуді талап еткен бастамашыл топпен кездесті
НҰР-СҰЛТАН, 4 қаңтар – Sputnik. Маңғыстау облысында үкіметтік комиссия мүшелері белсенділермен келіссөз жүргізіп жатыр.
Үкіметтің баспасөз қызметі жиынға қатысушылар қоғамдық қауіпсіздікті сақтай отырып, жағдайды реттеу мүмкіндігін талқылап жатқанын хабарлады.
"Комиссия өзара тиімді шешім қабылдау үшін өзекті мәселелерді жан-жақты және жүйелі қарастырады", - делінген үкіметтің баспасөз қызметінің хабарламасында. 
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев комиссияға еліміздегі тұрақтылықты сақтай отырып, туындаған мәселе бойынша өзара тиімді шешім шығару жүктелгенін мәлімдеген болатын. 
Оқи отырыңыз: "Теңізшевройл" компаниясы жұмысшылардың ереуілге шыққанын растады
 
Жаңалықтар
0