Өңірлер

Ақтөбеліктердің митинг кезінде қойған екі талабы да орындалды - әкімдік

Бүгін Ақтөбеде бейбіт митингке келгендер жергілікті атқарушы органнан екі мәселені талап етті
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 4 қаңтар – Sputnik. Ақтөбе тұрғындарының митинг кезінде қойған екі талабы да орындалды, деп хабарлады қала әкімдігі.
Біріншісі - митинг барысында қамауға алынғандарды босату. Екіншісі - сұйылтылған газ бағасын 50 теңгеге дейін арзандату.
Еске сала кетсек, екінші қаңтарда Маңғыстау облысының тұрғындары наразылыққа шықты. Оған автокөлікке құятын газдың құны литріне 120 теңгеге дейін өскені себеп болған. Наразылық білдірушілер бағаны 50 теңгеге дейін төмендетуді талап етті. Арнайы құрылған үкіметтік комиссия белсенділермен келіссөз жүргізіп, бұл талап орындалатынын мәлімдеді. 
Сондай-ақ 5 қаңтарда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елдегі әлеуметтік-экономикалық мәселеге қатысты жиын өткізеді.