НҰР-СҰЛТАН, 3 қаңтар – Sputnik. Маңғыстау облысының әкімдігі өңірдегі жағдайға қатысты мардымды ештеңе айтпай отыр. Ал әлеуметтік желілер мен жергілікті БАҚ-та Ынтымақ алаңында түсірілген видеолар тарады, деп хабарлайды Lada.kz басылымы.
Наразы халықтың арасында полицейлер жүр, бірақ олар оқиғаға арласып жатқан жоқ.
Sputnik Қазақстан ішкі істер министрлігінен алаңға Ұлттық ұлан тартылып-тартылмағанын сұрады. Бірақ ведомство әзірге Маңғыстаудағы наразылық акциясына қатысты түсініктеме берген жоқ.