Оқиға

Ақтаудағы наразылық: желіде Ынтымақ алаңынан видео жарияланды

© Photo : Facebook / Lyudmyla KozlovskaЖаңаөзен көшелеріндегі наразылық
Жаңаөзен көшелеріндегі наразылық - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.01.2022
Жазылу
Кадрға қарасақ, наразылық шеруіне шыққан ондаған адам тутұғыр алдына жиналып, газ бағасын төмендетуді талап етіп жатыр
НҰР-СҰЛТАН, 3 қаңтар – Sputnik. Маңғыстау облысының әкімдігі өңірдегі жағдайға қатысты мардымды ештеңе айтпай отыр. Ал әлеуметтік желілер мен жергілікті БАҚ-та Ынтымақ алаңында түсірілген видеолар тарады, деп хабарлайды Lada.kz басылымы.
Видеодан ондаған, әлде тіпті жүздеген ер адамның тутұғыр алдына шығып, газ бағасын түсіруді талап етіп жатқаны көрінеді.
Наразы халықтың арасында полицейлер жүр, бірақ олар оқиғаға арласып жатқан жоқ.
Sputnik Қазақстан ішкі істер министрлігінен алаңға Ұлттық ұлан тартылып-тартылмағанын сұрады. Бірақ ведомство әзірге Маңғыстаудағы наразылық акциясына қатысты түсініктеме берген жоқ.
Жаңалықтар
0