Видео

Көз тоймайтын көрініс! Аляскада таңғажайып поляр сәулесі видеоға түсірілді

Аляскадағы Фэрбанкс қаласы маусымдық ең әдемі солтүстік шұғыласымен танымал. Мұнда туристер табиғаттың таңғажайып құбылысын тамашалауға келеді
Sputnik
Алясканың солтүстік ендіктері – поляр сәулесін бақылауға таптырмайтын жерлердің бірі. Бұған Фэрбанкс қаласы және оның төңірегін де жатқызуға болады.
Жылдың осы мезгілінде мұнда сақылдаған сары аяз болады. Мысалы, мына видео минус 50 градуста түсірілген.
Автор қарлы түнгі орманды және оның үстіндегі әдемі поляр сәулесін түсіріп алған.
Билейтін сәулелер Алясканың ажарын аша түседі, роликтің ар жағында қардың сықыры мен желдің дыбысы естіледі, бірақ бұл өлкенің қатал ауа райы саяхатшыны тоқтатпайды.
Ол осы тамаша кадрларды түсіруді жалғастырған, содан кейін оны желідегі пайдаланушыларымен бөлісіпті.
"Ғажап екен, пайда болған реңк мені таңғалдырды! Жоғары қарауды ешқашан тоқтатпаңыз!", - деп пікір білдірді автор.