https://sputnik.kz/20220102/Alyaska-polyar-video-19038182.html
Көз тоймайтын көрініс! Аляскада таңғажайып поляр сәулесі видеоға түсірілді
Көз тоймайтын көрініс! Аляскада таңғажайып поляр сәулесі видеоға түсірілді
Sputnik Қазақстан
Аляскадағы Фэрбанкс қаласы маусымдық ең әдемі солтүстік шұғыласымен танымал. Мұнда туристер табиғаттың таңғажайып құбылысын тамашалауға келеді 02.01.2022, Sputnik Қазақстан
2022-01-02T16:59+0500
2022-01-02T16:59+0500
2022-02-01T13:05+0500
мультимедиа
видео
https://sputnik.kz/img/07e5/0c/1d/19017233_115:0:2306:1239_1920x0_80_0_0_bdc01a114f47ee147fa979f674c4b7c6.jpg
Алясканың солтүстік ендіктері – поляр сәулесін бақылауға таптырмайтын жерлердің бірі. Бұған Фэрбанкс қаласы және оның төңірегін де жатқызуға болады.Жылдың осы мезгілінде мұнда сақылдаған сары аяз болады. Мысалы, мына видео минус 50 градуста түсірілген.Автор қарлы түнгі орманды және оның үстіндегі әдемі поляр сәулесін түсіріп алған.Билейтін сәулелер Алясканың ажарын аша түседі, роликтің ар жағында қардың сықыры мен желдің дыбысы естіледі, бірақ бұл өлкенің қатал ауа райы саяхатшыны тоқтатпайды.Ол осы тамаша кадрларды түсіруді жалғастырған, содан кейін оны желідегі пайдаланушыларымен бөлісіпті."Ғажап екен, пайда болған реңк мені таңғалдырды! Жоғары қарауды ешқашан тоқтатпаңыз!", - деп пікір білдірді автор.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/0c/1d/19017233_225:0:2196:1239_1920x0_80_0_0_4c092bf63cd21aa51898a8bf03970492.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
мультимедиа
Көз тоймайтын көрініс! Аляскада таңғажайып поляр сәулесі видеоға түсірілді
16:59 02.01.2022 (жаңартылды: 13:05 01.02.2022) Аляскадағы Фэрбанкс қаласы маусымдық ең әдемі солтүстік шұғыласымен танымал. Мұнда туристер табиғаттың таңғажайып құбылысын тамашалауға келеді
Алясканың солтүстік ендіктері – поляр сәулесін бақылауға таптырмайтын жерлердің бірі. Бұған Фэрбанкс қаласы және оның төңірегін де жатқызуға болады.
Жылдың осы мезгілінде мұнда сақылдаған сары аяз болады. Мысалы, мына видео минус 50 градуста түсірілген.
Автор қарлы түнгі орманды және оның үстіндегі әдемі поляр сәулесін түсіріп алған.
Билейтін сәулелер Алясканың ажарын аша түседі, роликтің ар жағында қардың сықыры мен желдің дыбысы естіледі, бірақ бұл өлкенің қатал ауа райы саяхатшыны тоқтатпайды.
Ол осы тамаша кадрларды түсіруді жалғастырған, содан кейін оны желідегі пайдаланушыларымен бөлісіпті.
"Ғажап екен, пайда болған реңк мені таңғалдырды! Жоғары қарауды ешқашан тоқтатпаңыз!", - деп пікір білдірді автор.