Өңірлер

Өскеменде екі теплоход жанып кетті – видео

Төтенше жағдай су электр станциясының маңайында болған. Жағада тұрған екі теплоход өртке оранды, екеуін де дәмхана ретінде пайдаланған
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 1 қаңтар – Sputnik. Өскемен қаласында жағада тұрған екі теплоход пен дебаркадер жанып кетті, деп хабарлайды YK-news.kz.
"Өрт сөндірушілер жағада тұрған екі теплоход пен дебаркадердің жанып жатқанын көріп, бірден өртті өшіруге кірісті. Тілсіз жау 50-60 шаршы метрге шарпыды. Екі теплоходты дәмхана ретінде пайдаланған", - дейді құтқарушылар.
Қазіргі кезде өрттің себебі анықталып жатыр. Шұғыл штабтың мамандары тексерісті бастады.
Оқи отырыңыз: Таразда бас шырша жанып кетті – видео
Әзірше, қайтыс болған және зардап шеккен адамдар туралы ақпарат жоқ.