Өңірлер

Өскеменде екі теплоход жанып кетті – видео

© Photo : Департамент по чрезвычайным ситуациям Восточно-Казахстанской областиӨскеменде теплоход жанып кетті
Өскеменде теплоход жанып кетті  - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.01.2022
Жазылу
Төтенше жағдай су электр станциясының маңайында болған. Жағада тұрған екі теплоход өртке оранды, екеуін де дәмхана ретінде пайдаланған
НҰР-СҰЛТАН, 1 қаңтар – Sputnik. Өскемен қаласында жағада тұрған екі теплоход пен дебаркадер жанып кетті, деп хабарлайды YK-news.kz.
Шығыс Қазақстан облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметіне сәйкес, оқиға орнына 60 өрт сөндіруші мен 11 техника барды.
"Өрт сөндірушілер жағада тұрған екі теплоход пен дебаркадердің жанып жатқанын көріп, бірден өртті өшіруге кірісті. Тілсіз жау 50-60 шаршы метрге шарпыды. Екі теплоходты дәмхана ретінде пайдаланған", - дейді құтқарушылар.
Қазіргі кезде өрттің себебі анықталып жатыр. Шұғыл штабтың мамандары тексерісті бастады.
Оқи отырыңыз: Таразда бас шырша жанып кетті – видео
Әзірше, қайтыс болған және зардап шеккен адамдар туралы ақпарат жоқ.
Жаңалықтар
0