Оқиға

Таразда бас шырша жанып кетті – видео

Тараз қаласының тұрғындары жаңа жыл түні төтенше жағдайға куә болды
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 1 қаңтар – Sputnik. Таразда қаланың жаңажылдық бас шыршасы өртеніп кетті.
"15 шаршы метр алаңда жасанды жаңажылдық шырша өртенді. Тілсіз жау 00.15-те ауыздықталып, бес минут ішінде сөндірілді. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ", - деді ведомстводағылар.
Өрттің себебі анықталып жатыр. Өртті сөндіруге ТЖД-ның 14 қызметкері мен 4 техника жұмылдырылды.