Оқиға

Таразда бас шырша жанып кетті – видео

© Sputnik / Владислав ВодневЖаңажылдық шырша
Жаңажылдық шырша  - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.01.2022
Жазылу
Тараз қаласының тұрғындары жаңа жыл түні төтенше жағдайға куә болды
НҰР-СҰЛТАН, 1 қаңтар – Sputnik. Таразда қаланың жаңажылдық бас шыршасы өртеніп кетті.
Облыстық ТЖД мәліметінше, төтенше жағдай 2022 жылы 1 қаңтарда сағат 00.06 шамасында "Арбат" алаңында болды.
"15 шаршы метр алаңда жасанды жаңажылдық шырша өртенді. Тілсіз жау 00.15-те ауыздықталып, бес минут ішінде сөндірілді. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ", - деді ведомстводағылар.
Өрттің себебі анықталып жатыр. Өртті сөндіруге ТЖД-ның 14 қызметкері мен 4 техника жұмылдырылды.
Жаңалықтар
0