НҰР-СҰЛТАН, 1 қаңтар – Sputnik. АҚШ-та мектеп мұғалімі COVID-19 індетін жұқтыруына байланысты біраз уақыт ұшақтың дәретханасында отыруға мәжбүр болды.
Мичиган штатында тұратын мұғалім Мариса Фотиео экспресс-тест арқылы COVID-19 жұқтырғанын анықтап, бес сағат бойы өзін ұшақ дәретханасында оқшаулауды ұйғарды.
20 желтоқсан күні әйел Чикагодан Рейкьявикке ұшқан кезде тамағы ауырып, коронавирусқа тест тапсырған. Тест оң нәтиже көрсеткенін білгеннен кейін ол қалған жолаушыларға қауіп төндірмеу үшін дәретханада отыруға шешім қабылдапты.
Әйел бұл оқиға туралы видеоны TikTok әлеуметтік желісінде жариялап, 4,5 миллионнан астам қаралым жинады.
Бортсеріктер бес сағат бойы оған тамақ пен сусын әкеліп тұрған.
Қазір америкалық Қызыл Крест қонақүйінде карантинде отыр.