https://sputnik.kz/20220101/Mugalim-kovid-daretkhana-19036615.html
Мұғалім ковидтің кесірінен ұшақ дәретханасында 5 сағат отырды
Мұғалім ковидтің кесірінен ұшақ дәретханасында 5 сағат отырды
Sputnik Қазақстан
Әйел коронавирус жұқтырғанын экспресс-тест арқылы біліп, қалған жолаушылардан өзін оқшаулады 01.01.2022, Sputnik Қазақстан
2022-01-01T18:27+0500
2022-01-01T18:27+0500
2022-02-01T13:05+0500
әлем
мұғалім
ұшақ
коронавирус
дәретхана
https://sputnik.kz/img/07e5/0b/17/18727912_0:127:2433:1496_1920x0_80_0_0_f3e9e85e2357805de2384b1e551af3e0.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 1 қаңтар – Sputnik. АҚШ-та мектеп мұғалімі COVID-19 індетін жұқтыруына байланысты біраз уақыт ұшақтың дәретханасында отыруға мәжбүр болды.Мичиган штатында тұратын мұғалім Мариса Фотиео экспресс-тест арқылы COVID-19 жұқтырғанын анықтап, бес сағат бойы өзін ұшақ дәретханасында оқшаулауды ұйғарды. 20 желтоқсан күні әйел Чикагодан Рейкьявикке ұшқан кезде тамағы ауырып, коронавирусқа тест тапсырған. Тест оң нәтиже көрсеткенін білгеннен кейін ол қалған жолаушыларға қауіп төндірмеу үшін дәретханада отыруға шешім қабылдапты.Әйел бұл оқиға туралы видеоны TikTok әлеуметтік желісінде жариялап, 4,5 миллионнан астам қаралым жинады.Бортсеріктер бес сағат бойы оған тамақ пен сусын әкеліп тұрған.Қазір америкалық Қызыл Крест қонақүйінде карантинде отыр.Оқи отырыңыз: Қазақстанда COVID-19 жұқтырғандар саны бесінші күн қатарынан көбейіп барады
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/0b/17/18727912_135:0:2298:1622_1920x0_80_0_0_918e05034abd20fa2529e848fcb77b45.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
мұғалім, ұшақ, коронавирус, дәретхана
мұғалім, ұшақ, коронавирус, дәретхана
Мұғалім ковидтің кесірінен ұшақ дәретханасында 5 сағат отырды
18:27 01.01.2022 (жаңартылды: 13:05 01.02.2022) Әйел коронавирус жұқтырғанын экспресс-тест арқылы біліп, қалған жолаушылардан өзін оқшаулады
НҰР-СҰЛТАН, 1 қаңтар – Sputnik. АҚШ-та мектеп мұғалімі COVID-19 індетін жұқтыруына байланысты біраз уақыт ұшақтың дәретханасында отыруға мәжбүр болды.
Мичиган штатында тұратын мұғалім Мариса Фотиео экспресс-тест арқылы COVID-19 жұқтырғанын анықтап, бес сағат бойы өзін ұшақ дәретханасында оқшаулауды ұйғарды.
20 желтоқсан күні әйел Чикагодан Рейкьявикке ұшқан кезде тамағы ауырып, коронавирусқа тест тапсырған. Тест оң нәтиже көрсеткенін білгеннен кейін ол қалған жолаушыларға қауіп төндірмеу үшін дәретханада отыруға шешім қабылдапты.
Әйел бұл оқиға туралы видеоны TikTok әлеуметтік желісінде жариялап, 4,5 миллионнан астам қаралым жинады.
Бортсеріктер бес сағат бойы оған тамақ пен сусын әкеліп тұрған.
Қазір америкалық Қызыл Крест қонақүйінде карантинде отыр.