Қоғам

ІІМ басшысы полицейлердің жұмысын тексеріп, мәлімдеме жасады – видео

Қазақстанның барлық өңірінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін жаңа жыл түні 30 мыңға жуық полицей мен Ұлттық ұланның әскерилері қызмет етті
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 1 қаңтар – Sputnik. Қазақстанның ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев елордалық гарнизонның бөлімшелерін аралап, полицейлердің қызмет барысы мен жол қозғалысы қауіпсіздігін тексерді.
Жаңа жыл түні 30 мыңға жуық полиция қызметкері мен Ұлттық ұлан әскери қызметшісі ел көшелерінде қызмет етті.
ІІМ басшысы Ерлан Тұрғымбаев Жедел басқару орталығының жұмысын тексерді
Сондай-ақ Тұрғымбаев қалаларда тәулік бойғы кезекшілік үшін 110 модульді полиция бекеті мен "дабыл түймелері" орнатылғанын айтты.
"Азаматтар көп жиналатын орындарда, көшелер мен аулаларда автопатрульдер және жаяу нарядтар жұмыс істейді. Жол қозғалысы қауіпсіздігі де қатаң бақылауда. Қиын жағдай болғанда, азаматтарға көмек керек кезде жедел басқару орталығына еліміздің түкпір-түкпірінен арыз-шағым, өтініштер келіп түседі. Біздің ең бастысы мақсатымыз – азаматтардың тыныштығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шараны қабылдау", - деп атап өтті министрлік басшысы.
Оқи отырыңыз: Қазақстандық полицейлер жаңа форма киеді
Сондай-ақ Ерлан Тұрғымбаев барша қазақстандықты Жаңа жылмен құттықтады.