Қоғам

Корпоративте ән салған Қайрат Нұртас сынның астында қалды – видео

Карантин кезінде ең көп дегенде жүз адамға жиналуға рұқсат берілсе, Қайрат Нұртас ән салған залда одан да көп адам жиналғаны анық көрінеді
Sputnik
АЛМАТЫ, 31 желтоқсан – Sputnik. Адам лық толы залда ән салған Қайрат Нұртас желі қолданушыларының ашуына тиді.
"Тек корпоративтерде коронавирус жоқ. Қайрат Нұртастың адам лық толы залда өнер көрсетуі туралы қазақстандықтар түрлі пікір жазып жатыр", - делінген "Астана ТВ" телеарнасының сюжетінде.
Әншінің өзі әлеуметтік желідегі парақшасында кештен үзінді видео жариялады.
Бұл видео желі қолданушыларының ашуына тиді. Әзірге бұл видеоның қайда түсірілгені белгісіз, алайда концерт өткен жерде жүзден астам адам бар екені анық көрінеді. Ешқайсысы медициналық бетперде тағып жүрген жоқ, әлеуметтік арақашықтық туралы әңгіме мүлде айтылмайды.
Оқи отырыңыз: Қайрат пен Жұлдыз ажырасып кетті ме – әншінің анасы шындықты айтты
"Қазақстандықтар карантин шараларын сақтамағаны үшін айыппұл барлығына бірдей салынбайтынына наразы болды. Бұл жағдайда шоу-бизнес жұлдыздарын айналып өтеді, сондықтан олар ойланбастан осындай видеоларды әлеуметтік желіде жариялайды", - дейді телеарна.