Қайрат пен Жұлдыз ажырасып кетті ме – әншінің анасы шындықты айтты

© Қайрат Нұртастың жеке архивіненҚайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдікәрімова
Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдікәрімова - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.06.2021
Жазылу
Соңғы кезде әлеуметтік желіде "Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдікәрімова ажырасып кетті" деген әңгіме тарай бастады

НҰР-СҰЛТАН, 17 маусым – Sputnik. Қайрат Нұртастың анасы Гүлзира Айдарбекова ұлы мен келініне қатысты алыпқашпа әңгімені жоққа шығарды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Енді халық болғасын айта береді ғой. Біреудің отбасына килігіп...қажеті жоқ сияқты. Ажырасқан жоқ, бәрі жақсы", - деді Гүлзира Айдарбекова Paparazzi бағдарламасына берген сұхбатында.

Айта кетейік, соңғы кезде әлеуметтік желіде "Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдікәрімова ажырасып кетті" деген әңгіме тарай бастады. Желі қолданушылары Әбдікәрімованың Қайратпен бірге түскен суретін соңғы рет бір ай бұрын жариялағанын да байқады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Жулдыз Абдукаримова (@zhuldyzabdukarimovaofficial)

Ал Қайрат Нұртас сәуір айында Жұлдызбен бірге түскен суретін шығарды. Сол кезде әнші жұбайын туған күнімен құттықтаған болатын.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Кайрат Нуртас (@kair_n)

Қайрат пен Жұлдыз Instagram-да бір-біріне қазіргі уақытта жазылмаған. Енесі мен келіні екеуі де бір-бірінің парақшасына жазылмаған.

Жаңалықтар
0