НҰР-СҰЛТАН, 29 желтоқсан – Sputnik. Қарағанды – Нұр-Сұлтан тасжолында жол апаты болып, жүргізуші әйел көз жұмды.
"Toyota Yaris автокөлігінің 36 жастағы жүргізушісі Нұр-Сұлтан –Қарағанды тасжолымен келе жатып, рөлге ие бола алмай, қарсы жолаққа шығып кетіп, Iveco Crossway бағдардағы автобусымен соқтығысқан", - делінген хабарламада.
Жол апаты салдарынан Toyota Yaris көлігінің жүргізушісі алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды. Автобус жолаушылары зардап шеккен жоқ. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Оқи отырыңыз: