Фото

Елорда мен Алматы жаңа жылға қалай безендірілді – фото

Жаңа жыл жақындаған сайын еліміздің барлық өңірі жарқын кейіпке енеді. Көшелер мен орталық алаңдар, ғимараттар, сауда ойын-сауық орталықтары түрлі түске боялады
Sputnik
Осылайша жаңа жылдың жақындағанынан хабар береді.
Биыл елордада қаланың бас шыршасы 19 желтоқсанда жағылды, ал Алматыда бұл шара 20 желтоқсанда өтті.
Былтыр коронавирус пандемиясына байланысты Алматы көшелері қатты безендірілмегенімен, биыл қалада жүзден аса фотоаймақ орналастырылды. Сондай-ақ қалада 21-30 желтоқсан аралығында қала әкімдігінің қолдауымен "Жаңа жылдық керуен" ұйымдастырылды. Қала қонақтары мен тұрғындарын жүк көліктерінің керуені күтіп, түрлі сыйлық таратады.
Ал Нұр-Сұлтан қаласында биыл жаңа жылда отшашу ұйымдастырылмайды.
Sputnik Қазақстан фототілшілері Нұр-Сұлтан мен Алматы көшелерін аралап, қала мен тұрғындардың жаңа жылға дайындығын суретке түсірді.
1 / 19
2022 жыл қарсаңында Алматының көшелері мен сауда ойын-сауық орталықтары түрлі түске боялып, мерекелік көңіл-күй сыйлап тұр.
2 / 19
Қазақстанның бас шыршасы ЭКСПО көрмесінің аумағында орналасқан. 25 метрлік жаңа жыл символының шамдары 19 желтоқсанда жағылды.
3 / 19
Алматының бас шыршасы әдеттегідей ҚБТУ ғимаратының жанындағы Астана алаңында қойылды. Қаланың бас шыршасын әкім орынбасары Ержан Бабақұмаров жақты. Шыршаның биіктігі – 20 метр.
4 / 19
Нұр-Сұлтан қаласында Тұңғыш президент паркінің әр бұрышы жаңа жыл келе жатқанын хабарлап тұр. Оның ішінде қала символын да кездестіруге болады.
5 / 19
Алматыда Қазақ мемлекеттік цирк аумағы көпшілік фотоға түсуге жиналатын жерге айналды. Мұндағы жарқыраған шамдар алыстан көзге түседі.
6 / 19
Елордада "Керуен" сауда ойын-сауық орталығының маңындағы алаңда ерекше шырша тұр.
7 / 19
Алматы әкімдігінің хабарлауынша, қалада жүзге жуық жерде жаңа жылға орай безендірілген фотоаймақ әзірленді.
8 / 19
Астанадағы бас шырша жағылған ЭКСПО көрмесінің аумағындағы каток.
9 / 19
Алматы арбаты.
10 / 19
Биыл жылдың соңғы күні – 31 желтоқсан жұмаға түсіп тұр. Бұл – жұмыс күні. 2022 жылдың 1 және 2 қаңтарда ел тұрғындары Жаңа жылды атап өтеді. Мерекелер сенбі және жексенбіге түсетіндіктен, олар дүйсенбі мен сейсенбіге ауыстырылады.
11 / 19
Елордадағы Тұңғыш президент паркі.
12 / 19
Алматыда жаңа жылдық бас шыршаның жанында түрлі фотоаймақ бар. Сондай-ақ қалада 21-30 желтоқсан аралығында қала әкімдігінің қолдауымен "Жаңа жылдық керуен" ұйымдастырылды. Қала қонақтары мен тұрғындарын жүк көліктерінің керуені күтіп, түрлі сыйлық таратады.
13 / 19
Қалаларда көшелер мен орталықтардың сырты ғана емес, іші де түрлі түске боялды. Фотода "Керуен" сауда ойын-сауық орталығындағы шырша.
14 / 19
Алматыдағы 30 мың метрден астам жарық гирляндасы, шамдар мен қызықты дизайн ешкімді бей-жай қалдырмайды. Фотода: қаланың бас шыршасы.
15 / 19
Қала басшылығы жаңа жылды тойлау кезінде санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды да ұмытпауға шақырды.
16 / 19
Нұр-Сұлтан қаласындағы көше.
17 / 19
Алматыда метроға кірер жол да "жаңа жыл келе жатыр" деп тұрғандай әсер қалдырады.
18 / 19
Нұр-Сұлтан қаласындағы жаңа жыл инсталляциясы
19 / 19
Қала мейрамханалары да бір-бірімен жарыса жаңа жылға дайындықты бастап кетті.